Заң | 1.0k қаралды
Мен Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келгенмін. Қазіргі уақытта алматылық бір мекеменің қазалылық филиалында жұмыс істеймін. Осы орайда менің білгім келгені, мекеме маған экологиялық апатты аймақта тұруыма байланысты қосымша ақы төлеуі тиіс пе? Экологиялық апатты аймақтарда тұрғандарға қосымша ақы төлене ме?

3 жауап

Сарапшы маманның мәліметінше, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес, экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:

– экологиялық апат аймағы бойынша – 1,5;

– экологиялық дағдарыс аймағы бойынша – 1,3;

– экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша – 1,2 коэффициентті қолдана отырып, еңбекке – ақы, стипендия төлеу белгіленеді.

Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының, Ақтөбе облысының Шалқар ауданының аумақтары кiредi; экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы аудандарының аумақтары, Қызылорда қаласы және әкiмшiлiк-аумақтық бағынысына кiретiн елдi мекендердi қоса алғанда, Байқоңыр қаласы кiредi; экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темiр аудандарының Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс қаласы, Отырар, Созақ, Шардара аудандарының және Түркiстан қаласының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жездi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.

Сонымен бірге мемлекеттік емес ұйымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 126-бабына сәйкес, қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалады.
Жақсы Жауап
Негізі төленеді. Менің ойымша ол өтемақы сол аймақтарда жұмыс істейтін, сол аймақта тұратын адамдарға төленеді.
Белгісіз
Сіз экологиялық аймақта тұрғылықты тұрып сол жерде жұмыс жасасаңыз ғана төленеді.Ал қазір сіз Алматыда болғандықтан сізге төленбейді.
125,550 сұрақ
316,911 жауап
153,267 пікір
70,862 қолданушы