+1 дауыс
441 көрілді
Медициналық мекеменің бактериологиялық зертханасында жұмыс атқарып келемін. Мұнда туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды емдеуге арналған стационар бар. Туберкулез ауруына ем жасаушыларға қосымша ақы төлене ме? Туберкулезді емдеушілерге қосымша ақы төлене ме?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл мәселе ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  №1400 қаулысымен  реттеледі. Қаулының  қосымшаларына сәйкес: 1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiгерлерiнен, орта буын медицина қызметкерлерiнен, санитарларынан басқа қызметкерлерiне және білім беру мекемелерiнiң медицина қызметкерлерiне – туберкулездік интоксикацияға шалдыққан, туберкулездiң бастапқы және басылып бара жатқан түрлерiмен ауыратын, дене дамуында ауытқуы бар, психикасы, сенсорлық функциялары мен бөлiс функциялары бұзылған балаларды, инфекциялық-паразитарлық, гериатриялық ауытқушылықтары бар терi-венерологиялық, психотерапевтік сипаттағы аурулармен ауыратын науқастарды емдеу, оңалту және сауықтыру үшiн базалық лауазымдық жалақыдан 20%; 2) туберкулезге қарсы мекемелердiң, диспансерлердiң, орталық аудандық ауруханалар бөлiмшелерiнiң және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарының, санаторийлердiң, санаторий-профилакторийлердiң, емдеу-өндiрiстiк шеберханаларының, бөлiмшелердiң, палаталардың, туберкулезбен ауыратындарға арналған оқшаулағыштардың, емдеу-алдын алу мекемелерiнiң, интернат үйлерiнiң, туберкулезге қарсы кабинеттердiң дәрiгерлерiнен, орта буын медициналық қызметкерлерiнен, санитарларынан басқа қызметкерлерiне БЛЖ-дан 60% қосымша ақы қарастырылған.
...