0 дауыс
260 көрілді
Мен шетелдік компанияда жүргізушімін. Жұмыс кестесі 14/14 күн. Маған жұмыс ерекшелігіне байланысты қосымша ақы төлемей отыр. Ал қасымдағы шетелдік жүргізушілерге ондай қосымша ақы төлейді. Барлығымыздың жұмыс уақытымыз бірдей. Басшылық «заң бойынша қосымша ақы тек шетелдік жұмысшыларға ғана тиесілі», – дейді. Осы дұрыс па? Қосымша ақы тек шетелдік жұмысшыларға ғана беріле ме? Ал біз ше?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Заңгердің айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 126-бабына сәйкес, қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалады. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды. Аталған актілердің ережелерімен қызметкерлер таныс болуы керек.

ҚР Еңбек кодексінің нормалары барлық жұмыс берушілерге тарайды.

Осыған орай, егер Сіздің жағдайыңызда еңбек заңнамасын бұзушылық орын алса, өтінішпен жергілікті аудан, облыстардағы Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіндегі еңбек инспекторларына немесе сотқа шағымдануыңыз қажет.
...