0 дауыс
495 көрілді
Елімізде қазақ тілді қазақтар мен орыс тілді қазақтардың арасы тым алшақтап бара жатқан жоқ па? Осы мәселенің қандай шешімі болуы мүмкін? Әрине, тіл бөлек болғасын, ой бөлек, өмір дағдысы, көзқарас та бөлек болар. Бірақ бәріміз Керей мен Жәнібектің ұрпағы емеспіз бе? Тіліміз бөлек болса да, Қазақ деп соғатын жүрегіміз бір емес пе?! Қазақ тілділер мен орыс тілділердің арасына дәнекер болатындай қандай амал бар? Ұлтымыз бір бола тұра тіліміз бен діліміздің екіге айырылғаны қатты қынжылтады...((

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Орыс тілділер қазақшаны барынша көбірек қолдануға тырысып, күнделікті өмірде белсенді түрде үйренуі керек, қазақша сөйлейтін адамға қазақша жауап беруге тырысу керек. Ал қазақша сөйлейтіндер орыс тілділерге түсінікпен қарау керек, оларды орысша ортада өскеніне, бала кезден бастап ата-анасынан орыс тілінде тәрбие алғанына бола кінәламау керек... басқа білмейм қандай амал бар екенін. Билік не істей алады? Адамдар бір-біріне сөйлемесе? Әр адамды бақылап жүре ме? Өзіміз бірінші қадам жасауымыз керек!!!!
0 дауыс
Егер, сырттан келген әлеуметтік желілерге (мысалы, вконтакте) тыйым салынатын болса шамалы болсын адамдардың санасы өзгерер ме еді?...
Бірақ бізде билік жоқ. Жоғары жақ сөйлеп тұрғанда оған еретін мына біз не істемекпіз?
...