+2 дауыс
4.4k көрілді
Әсір есе қыздар қазақ болып тұрып орысша сөйлейді.Олар өзе тілде сөйлегенді аброй санайды.Сонда қалай олар өздерін көрсеткісі келедіме өздерін көрсеткісі келсе не үшін таза қазақша сөйлемейді?

15 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ тілімен жұрттың бәрі сөйлеу үшін Құжаттардын барлығын тек қазақ тілінде болуы керек,және осындай қазақшаға қатаң саиттарды көбейту керек.Жоғарғы орындарды тек қазақша білетіндер отыруы керек.Бұл ойыма келісетін шығарсыздар
Қателесесіз, егер құжатқа қарап тұрса тіл енше неге шешен, түрік, өзбек, ұйғырлар бір-бірлерімен  өз ана тілдерінде сөйлеседі ? Мәселе құжаттар сайттар емес , мәселе үйдегі тәрбиеде болып отыр. Ата-ана ұлттық санасын қалыптастырмайды, орыс мектебі білімді жақсы береді деген сылтаумен орыс мектепке береді және үйлерінде орысша сөйлеседі. Қазақтар ана тілін білмеуіне орыс мектепте оқығандарын сылтау етеді. Ана тіліндегі мектепте оқымаса ана тілін білмейді деген құр сандырақ. Тағыда айтаын шешен, түрік ұлттарына кім өз тілдеріндегі мектеп ашып беріп отыр , оларда қазақ-орыс мектептерінде білім алды. Бірақ бір-бірлерімен ана тілінде сөйлеседі.
+5 дауыс
Орысша сөйлеп өздерін керемет сезінетін шығар мақтанып осылар ғой қазақ тілінің дамуына кері әсер ететін шыны керек қазақтардың арасына бір орыс немесе орысша сөйлейтін басқа ұлт адамы келсе қазақтардың барлығы орысша сөйлеп кетеді, керісінше соларға қазақша сөйлеу керек олар Қазақстанда тұрып жатқаннан кейін қазақша сөйлеуге қазақ тілін білуге міндетті!!!
+2 дауыс
Иәәәә, бұл шындық. Бiрақ теk қыздар ғана емес қой, аралас. Негiзi дұрыс айтасыңдар, 5 қазақ ал қастарында 1 орыс отырса болды, бәрiмiз орысша сөйлеп kететiн әдетiмiз бар. Орыстарды мейлi, өз тiлiнде сөйлеп жатыр ғой, ал бiздiң қазақтарға орысша сөйлеп не жетпеген?
+2 дауыс
Президентіміз көбінесе  орысша сөйлейді, депутаттар, әкімдер, жалпы жоғары лауазымды адамдардың көпшілігі орысша сөйлейді. Қазақ тілін білмейтіндері де бар. Мемлекет басындағылар  қазақша 2 сөздің басын  құрай алмаса, қарапайым халықтан не күтуге болады?!
казакша блмейтндерди елден куып жберу керек
қазақша білмейтіндерді емес сен сияқты біле тұра жазбайтындарды қуу керек!!!
Гулжан дұрыс айтасың (fingers)
0 дауыс
Ауылдан қалаға келген қазақтың қарапайым қыз жігітіне суббота күні қолым бос деп айтам дегенде суббота есіне түспей қалып ойланып тұрып шестница боспын депті...)
+2 дауыс
"Балық басынан шіриді"-деген,жоғары жақта отырған шенеуніктер қазақ тілін менсінбей отырғанда,басқасы қазақ тілін неғылсын.Алдымен сол үкімет басындағылар қазақ тіліне шындап кіріссе,бәрі жақсы болады деп ойлаймын.Қазақ пен қазақ орысша сөйлесіп тұрғанын көрсем қыным қайнайды.
ия сол ушин не истеу керек
укимет кашан тузеледи деп карап отыру уят нарсе, намыс болу керек арким озинен отбасынан достарынан коршаган ортасынан бастасын! отбасыдан когам когамнан улт улттан мемлекет куралады Бекболат агамыз айткандай
–1 дауыс
қазақ десе бәрімізге тиіп кетеді,Бұрынғыдан алде қайда тіліміз,дініміз,рухани байлықтарымыз қалпына келді,Бұған тәубе деу керек.Ал тіл саясатына келсек,Жоғарыда отырған шенеуніктердің орнына ел арасынан ата-бабаларымыздың салтын ұстап,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би секілді даналарымызды іріктеп алып отырғызу қажет.
–1 дауыс
Жарррайсың. Сен білесің бе? Бұрындары жастарымыздың арасында таза қазақ тілінде сөйлеуге шақыратындар өттте аз болатын. Құдайға шүкір қазір тілге деген құрмет, әрі оны ары қарай келер ұрпаққа мөлдір күйінде жеткізу мақсатында аз да болса шырылдап өз үлесін тигізіп жүрген сіз сияқты қаракөз, қарадомалақтарымыз жетерлік. Өз тілінің болашағының қамын ойлайтын азамат, азаматшаларымыз барда қазақ деп аталатын қасиетті де қастерлі тіліміз ешуақытта жетімсіремесі сөзсіз.
0 дауыс
-Сол үшін не істеу керек дейсің бе? Ол үшін қазіргі жастар қазақ тіліне ден қою керек деп ойлаймын,еліміздің болашағы қазіргі жастар,сондықтан  жастарымыз ЕЛІМ деп,ТІЛІМ деп еміреніп тұру керек.Егер қасыңдағы досың,танысың,бауырың орысша сөйлесе,оған сен немқұрайлы қарамауың керек,оған сен:"Неге қазақша сөйлемейсің,орысша сөйлегенде не болады"-деген сияқты ескертулер жасауың керек.Қазақ пен қазақ орысша сөйлесіп тұрса оларға да сондай ескертулер жасап,қазақ тілінің шын жанашыры болуы керек.
не үшін минус,түсіндіріп жіберсең?
жауабыңызға рахмет  көңілімдегін айттыңыз,маған неге кері дауыс беріп жатыр отандастарым тусінбедім?
–2 дауыс

қысқада нұсқа жауап: олар өте білімділер, бірақ тәрбиесіздер қазақы тәрбиесі жоқтар.........

Қазақ тілінде сөйлемейтін адамдарды тәрбиесіз деп айтуға болмайды!!!
егер бойында қазақы тәрбие болса олай сөйлемес еді, әрине тәрбиесіздер, қазақи тәрбиесіздер
Белгісіз
Біршама адамдарды танимын, қазақша сөйлегісі келсе де сөйлей алмайды, қиналады.
Қазақша сөйлей алмаған адамдар  мүмкін қазақи тәрбие алмағандар болар, бірақ жалпы тәрбие алмағандар емес.
0 дауыс
0 дауыс
Алдында бір сайтқа кірдім. Сол жерде қазақтар туралы біреу былай жазыпты:

"Казахи, которые стесняются своего языка -идиоты по другому не скажешь.Уже давно независимая страна а людей правительство никак не может обязать выучить казахский . Что говорить о народе ,там даже в правительстве на нем говорит малая часть. А казахи не имеющие желания говорить на родном не имеют никакой национальной гордости, их советская власть сделала мангуртами. Меня тошнит от таких. А еще казахоговорящих пытаются как то унизить. Позор казахам не знающим свой родной язык было бы желание можно и китайский освоить."  Міне басқа ұлт өкілдері біз жайлы осылай ойлайды.
Иә орыс тілін білу қажет, себебі қазіргі заманда ол өте қажет тіл. Бірақ, оны орнымен қолдансақ жақсы болар еді. Бірақ мен де таза қазақша сөйлеймін деп айта алмаймын, арасында орысша сөздер кетіп қалады.
Орыс тілінен нәр алып дамып кеткен ел бар ма ? Тек ағылшын тілі, қытай тілі, жапон, неміс тілдерінде терең ғылымдар бар, тіпті өзіміздің бауырымыз Түріктердің тіліде ғылым тілі болып саналады, ал орыс тілі тек солардан аудармалап беру толық болмасада. Орыс тілімен орыстың өзіде дамыған жоқ.
0 дауыс
Казак халкы казакша сойлеу ушин биринши ел баскарып откандар казакша с0йлеу керек
0 дауыс
Көнелеу сұрақ болсада жауап берейін ренжімессіздер!

 - Мен Қызылордаданмын! Орысша сөйлесетін адам таппаймын кейде.Бізде 100 пайыз қазақша деп айтсам өтірік болмас. Орыспын деген ұлтшылдардың өзін қазақша сөйлетеміз. Орысша сөйлеспегенге орысша білмейді екен деп қалмаңыздар ! Басқа облыстарға барсам бір ыңғайсызданамын. Менталитеттері бір түрлі ма әйтеуір бір бәле ! Қызылордамды арасында сол әдет-ғұрпын сақтап қалғаны үшін мақтан тұтамын. Негізі бар қазақ қазақша сөйлессе әлгі қазақстандықтарда қазақша сөйлеуге мәжбүр болады. Бәрін өзімізден бастайық. Кемшілікті қоғамнан емес өзімізден іздейік! Кемшілікті табайық! Жөндейік әрқайсысымыз!
0 дауыс
Себебі орышша сөйлеп жүрген  Қазақтарда НАМЫС жоқ.
...