+4 дауыс
10.4k көрілді

Біздін үйде лимон бар ол жеміс бермейді 7 жыл болған оны қалай жеміс бергізуге болады? (толығырақ жазған адамға ЖЖ басам!!)

Лимон, Лимон өсіру

Үйде лимон өсіргеннен оны қажет кезінде сатып алып тұрған әлдеқайда тиімді.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Үй лимонын өсіруде оның биологиялық және тұқымдық белгілерін, яғни сортын ажырату керектігін ескерген дұрыс. Сонымен қатар оны көбейту жолдарын, зиянкестер мен аурулардан қорғау жолдарын білген дұрыс. Үйде өсіргенде ең ұзақ жасайтын ағаш 1,5 метрді, ал бөлме кең, әрі үлкен жарық терезелері болса, лимондар   3 метр және одан да биік болып өседі.

Лимонның жемісін алу – ұзақ әрі қиын жұмыс. Сондықтан оны күту үшін алдын ала шыдамды әрі төзімді болу керектігін ескерсеңіз, лимон ағаштары гүлдеп, гүлден әдемі жемістер пайда болады.

Лимон – бұл өте тікенекті сабақты кішігірім ағаш. Жапырақтары жалпақ, ұзынша келген, құрамында темір мен эфир майы бар. Негізінен 2-3 жылда  ескіріп, жаңа жапырақтар салып отырады. Гүлдері  4-5 см дейін үлкен, қосжынысты болады, біреуден, екеуден салады. Қауызы бес аптаның ішінде жетіліп, 7-9 апта гүл ашады. Жемістің өсіп, пісуі гүлінің түсіп, түйнек салып, бөлме температурасында піскеніне қарай 230 күнге дейін созылады. Жазғы уақытта жарық пен жылудың молдығы себебінен бұл 180-200 күнге  дейін азаяды. Егер жақын арада телінген жас ағаш гүл салатын болса, өсімдік өз күшін құртпай, алдағы уақытта  қалыпты өркендеуі үшін оны ашылмай тұрып, түйін кезінде жұлып тастаған дұрыс. Екінші рет гүлдеген кезде түйіндерді жұлмайды. Көп жағдайда жемістерді қаншалықты  «тамақтандыра алатынын», қаншалықты артық гүлдерді тастайтынын ағаш өзі біледі. Егер ағашта ең кемі 20 шақты жапырақ болатын болса, гүл ашып, жеміс салуына болады.

Лимон жемістері гүлдердің тозаңдануы арқылы, сонымен қатар тозаңдандырусыз да (мұндай жағдайда жемісте тұқым немесе дән болмайды) пайда болады. Лимон жемістерінің пішімі жалпақ немесе жұмыртқа тәріздес келеді. Қабығы жетілген кезде ашық сары түске айналып, өткір лимон иісі пайда болады. Олардың жұмсағы жасылдау,  9-14 бөлікке бөлінген, қышқыл әрі шырынды болады. Әрбір лимонның қалыпты пісіп жетілуі үшін бір бұтақта әбден жетілген 9-10 жапырақ болуы тиіс.

Лимонды өсіруде жапырақ тастамайтындай етіп күтім жасау керек. Бұл көбіне қыс мезгілінде болады.  Лимон ағашының жағдайын жапырағына қарап біле берге болады. Жапырақсыз жеміс сала алмайды. Егер жағымсыз жағдайлардан кейін лимон көп жапырақ тастайтын болсағ онда келесі жылы жеміс салмайды. Сол себепті қыста ең бастысы ағаштың жапырақтарын сақтау керек.

Лимонның пісіп жетілгендігін А витаминінің қайнар көзі – каротиноидтер беретін алтын түстес қабығынан білуге болады. Жемісі әбден піскеннен кейін де, келесі жылы да өсе беруі керек. Бірақ пішіні үлкейген сайын өз сапасын жоғалта бастайды. Қабығы тым қалың болып, жұмсағы кеуіп, шырыны қышқыл болып кетеді.

Қалыпты жағдайда лимон жыл бойы гүлдеп, жеміс салады. Тәжірибелі гүл өсіруші әуесқойлар түрлі амалдарға салып, лимонның гүл салу мерзімін бырқалыпқа түсіреді. Мысалы, ағашты уақытша кептіреді. Кептірілген ағаш өсуін тоқтатып, еріксіздамыл табады. Біраз уақыттардан кейін оны әбден суғарады, лимон жылдам өсіп, қалың гүл салады.

Лимонды тырбиған қалыпта өсірген жақсы. Өйткені оның сабағы тез ұзарып кетеді. Сондықтан әрдайым сабағын кесіп отырмаса, бас жағы үлкен болып кетеді.  Мамандардың айтуы бойынша, әрбір мықты сабақты 5-6 жапырақтан кейін кескен дұрыс болады. Ол ағаштың басын шағын, мықты әрі өнімді етеді. Жүйелі түрде күтім жасау тамырға да қажет. Оны әдетте қайта отырғызғанда жасайды. Тамыры жақсы жетілмеген жағдайда лимонның өсуі кешеуілдейді де, жапырақтарының түсі өзгереді т.б.

Бөлме лимонының өмір сүру уақыты жағымды жағдайда әжептәуір ұзақ болады. Мысалы, 35-45 жылға дейін өсіп тұруы мүмкін.

Оңтүстіктің өсімдігі болған соң, жақсы күтім жасап, барлық жағдайын жасаса, лимон ағаштары міндетті түрде жеміс салады. Жылылық пен жарықты аса қажет етеді. Жапырақтарының өсіп, лимон салуына ең қолайлы температура шамамен 17°С, ал жемісінің пісіп жетілуіне 21…22°С. Қатты ыстық температура лимонға өте зиянды. Ауаның ылғалдылығы төмен болып тұрып, бірден температураның көтерілуі көктемгі уақыт пен жаздың бас кезінде болады. Мұндай кезде түйін салған гүлдер түсіп қалады. Ал күз бен қыстағы температураның кенеттен түсіп кетуі жапырақтарының  түсуіне әкеліп соғады.

Топырағының температурасы да ауаның температурасына сәйкес болу керек, егер топырақ температурасы кенеттен ауаның температурасына қарағанда түсіп кететін болса, өсімдікке зияны тиеді. Мұндай жағдай жаз бен күз ұзақ уақыт далада тұрып, күн суытқанда жылы бөлмеге ауыстырғанда байқалады. Бұны жапырағы түскенінен көруге болады.

Лимон бөлме ішіндегі ауа температурасының ауытқып тұрғанын көтере алмайды. Әсіресе түйін салып, гүл жарған кезде өте ыстық болса, бәрі түсіп қалады. Кейбір мамандар ауа қаншалықты ылғалды болса, лимон жапырақтары соншалықты ұзақ өседі деп санайды

Лимон  күннің көп түсуін аса қажет етпейді. Ұзақ күн түсетін кездерде оның өсуі жеделдейді де, жеміс салуы тоқтайды. Терезенің оңтүстік пен шығыс жақ бетіне орналастырған жағымды.   Жазда оңтүстік жақтан көп жарық алады, сондықтан қатты күннің шуағы түспес үшін терезеге дәкеден көлеңке жасау керек (әсіресе талтүсте). Мамандардың көбісі шығыс жақ терезені әмбебап дейді. Таңғы күннің сәулесі қатты жарық болса да, шыжытпайды және өсімдікке осының өзі де жеткілікті.

лимон

Көктем шыға салысымен лимон ағаштарын далаға шығарып қоятын болсаңыз, көктемнің ащы күні жапырақтарын күйдіріп жібереді.

Лимон жарықтың өзгерісіне және бір орыннан екінші орынға ауыстырғанды жақтырмайды. Дегенмен ағаш бір ғана жанына қарап өсетін болса, әрбір ай толған сайын ыдысын аздап бұрып отыру керек. Бұдан бойы мен жапырақтарының өсуі сәл кешеуілдегенімен, өсімдік дұрыс пішінге ие болады. Мамандар әрбір он күн сайын шамамен 10˚ бұрып отыруға кеңес береді. Лимонның аяқасты жарықтың өзгеруін қатты қабылдайтынын ұмытпау керек. Ондай кезде өсімталдығы азайып, жаңа шыққан жапырақтары үлкейіп кетеді.  

Қыз кезінде лимонға күндізгі жарық артық етпейді.  5-6  сағат күндізгі жарықты беретін электр шамдарын өсімдіктің үстіне 60-80 см биіктікте орналастырады.  Мүмкіндігінше ең жарық жерге қойған дұрыс.

Қазан айынан науырыз айына дейін өсімдік үшін қиын болады. Күтімі жасалмаған соң, өліп те қалады. Қыста батареямен үй жылытатын болған соң, бөлмеде ауа құрғақ болады. Сондықтан жылытқыш заттардан алысырақ қойып,  жапырақтарын  бүркігішпен  су бүркіп қоюға болады. Алайда шектен тыс бүрку Мейер сияқты сорттың саңырауқұлақ ауруына шалдығуына әкеп соғады. Сол сияқты ыдыстағы топырақтың үстіне немесе жанына булануға арнап жайпақ тәрелкеге су құйып қойған артық етпейді. Жапырақтары таза, әрі терең «демалуы» үшін жазда аптасына 1-2 рет душтың астына қойып  жуып, болмаса ылғалды шүберекпен абайлап сүрткен абзал.

Лимон ағашын бір топырақта бірнеше жыл өсіреді. Сондықтан оған тыңайтқыштар мен субстраттарды дұрыс таңдау керек.

Осы мақаланы оқығаннан кейін, әркімнің үйінде әдемі лимон ағаштары көбейеді деген үміттеміз. Лимон ағашын өсірсеңіз біраз жылдан соң туыстарыңыз бен жақындарыңызға лимон сыйлайсыз. Бес-алты жылдық ағаш сортына қарай бір жылда 15-тен 50-ге дейін жеміс сала алады.
0 дауыс
Гүлбақыт Байкешова, сіз сұраққа дұрыс жауап бермегеніңізбен қоймай, авторлық құқықты бұзып отырсыз. Сіз мәтінді http://shartarap.kz/%D0%BB%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%BD-%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%88%D1%8B%D0%BD-%D3%A9%D1%81%D1%96%D1%80%D1%83/ осы сілтемеден алып отырсыз.

Сұрақ иесіне жауабы мынау: өкінішке орай сіз қатты кешіккенсіз. Ол лимонды кішірек 1 жылдық бұта кезінде жеміс салатын ағашпен телуіңіз керек еді. Қазір сіздің лимоныңыз жабайы ағаш. 8-10 жылдың ішінде дұрыстап күтім жасап отырсаңыз жеміс салып қалады. Онда да аз ғана мөлшерде болады. Дегенмен лимонның ағашының жапырағының өзі аңқып тұратындықтан және үйдің ішіндегі фикус тәрізді декор ағаштан бір кем емес болғандықтан еш уаымдамаңыз! ))))
телу қалай жасалады. Барлық жеміс ағаштарын телу қажет екенін білем, бірақ теліп білмеймін.
Мұнда барлық адам авторлық құқықты сақтамайды…
Бұл Гүлбақыт Байкешоваға айтылған жауап па?Пікір ме түсінбедім,әлде (белгісізге) айтып отырмысыз?
Авторлық құқықты сақтап жүрген адамды көрген жоқпын…
–1 дауыс
Мына сайттан оқып көріңіз: http://limonniy.ru/kak-privit-limon/   Егер түсініксіз болса, сұрарсыз.
...