+1 дауыс
1.5k көрілді

мен қазір тоғызыншы сынып оқимын... Ағылшыннан басқа ешқандай сабақтарға қызықпаймын. Бірақ басқа сабақтарға қатысып жақсы бағалар аламын... Үйге келген уақытта бірден ноудбугімді қосып кинофильмдер, видеолар қарағанды жаным сүйеді ( ю тубта видеоблогерлерді қарағанды жақсы көремін) және қолдан әр-түрлі заттарды жасағанды ұнатам ( әшекей бұйымдар, ескі киімдерден де неше түрлі сөмкелер білезік, жастық т.б жасай беремін) мені үнемі мазалайтын сұрақ: қандай мамандық таңдасам екен? Анама мүмкін дизайнер болармын десем: жоқ, сосын жұмыс табу қыйын болады, мен сені жұмысқа тұрғыза алмайтын шығармын дейді ал ағылшын тандап аудармашы болсам ше десем дәл сол жауапты қайтарды. расында осы екі мамандықты таңдасаң жұмыс табу қыйын ба? мен өзімнің қызығушылықтарымды жоғарыда жазып кеткен болатынмын * өте ұзақ жазып кетсем ренжімеңіздер)

5 жауап

–1 дауыс
Физика таңдасай
+2 дауыс
Адам жаны нені қалайды, сол іспен айналысу керек деп ойлаймын. Егер де анаңыз таңдап берсе, егер ол жұмыс ойыныздан шықпаса, онда сіздің істеген жұмысыңыз алға баспайды. Ынта жоқ жұмыс алысқа бармайды.

 Менде ағылшын таңдадым, ешқашан өкінген емеспін. Ата-анам мынаны таңда деп, ешқашан мен қаламаған іске итермелеген емес. Қандай іс бастасам да, жанымнан табылды.

Ағылышын тілі өте оңай тіл негізі. Егер де ол тілді білсеңіз, бүкіл Еуропа тілі оңай болады. Себебі, құрылымдары бірдей.

Қай затты бастасаңда, аяғына жеткіз! Өз мамандығыңыздың маманы болыңыз! Тек еріңбеніз!
+1 дауыс
alehan айтқандыры дұрыс.Өзіңнің жұмысыңа қызығушылықтар болмаса,жұмысты да істегің келмейді ғой…\]
Бастысы қалаған мамандығыңа түс.Маған да ағылшын тілі ұнайды.
Өз ісіңе деген қызығушылығың мол болса өз мамандығыңды неге таңдамасқа.Йә,дұрыс ата-ана жаман болсын демейді.Білгендерін айтып,ақыл береді,Оларға қарсы шық деп тұрғаным жоқ.Олармен де кеңес.…Бірақ өзіңе ұнамайтын мамандықты да таңдама жалпы.
Саған бәріне сәттілік.…Қай мамандықты таңдасаң да алға қарай жылжып,биікке көтеріл)))
0 дауыс
рахмет сиздерге)))
0 дауыс

Мамандық таңдағанда оның болашағын да ойлау керек. Себебі технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.

Мысалы, елімізде инженерлік мамандықтарға, дәрігерлерге, сервис қызметкерлеріне, ақпараттық технология, экология, логистика саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары, әрі оларға қажеттілік те күн сайын артып келеді. Болашағы бар басқа да мамандықтар туралы толық ақпараттымына жерден оқуға болады.

...