+2 дауыс
1.2k көрілді
маған ата-анам мұғалім бол дейді? Бірақ менің болғым келмейді.Маған өз ақыл кеңестериңизді беріңіздер?

9 жауап

0 дауыс
Ол сенің қабілеттеріңе байланысты. Мұғалім әрине жақсы мамандық. Жалпы бюджеттік сферадағы мамандықтардың барлығы да жақсы. Себебі, айлық жалақылары тұрақты.
0 дауыс
Оны енді уақыт көрсетеді.Менің болғым келетін мамандықтар:дәрігер,журналист,актриса,мұғалім,әнші,аспаз.
0 дауыс
Өзің қалаған мамандыққа бар. Әрине, олар сенің ата-анаң және саған жамандық тілемейді. Дегенмен өз  болашағыңа қатысты мәселелерді өзің шешкенің дұрыс. Өзің бұл мамандықтың иесі болуды  қаламасаң, оқуың да қиын болып көрінеді, кейін жұмысыңды ұнатпайтын боласың т.б. Мұғалімдікке келетін болсам. Өте қиын мамандық дер едім. Балаларды оқыту, әр баламен жұмыс жасау оңай емес. Бұны қоя тұрсақ, мұғалімдердің қағазбен жұмыстары қиын. Күнделікті сабақ жоспарлары , журнал толтыру, e-lening , кембриндждік оқыту тәсілдеріне байланысты  коучинг-сессия, менторинг өткізу, түрлі папкалар жасау, әрбір балалармен жұмыс жасағаныңды қағазға жазу өте қиын. Кез келген адам бола  мұғалім бола алмайды,  сондықтан дұрыстап ойланғаның дұрыс :)
0 дауыс
Адам баласы өмірде үш нәрсені тандаудан қателік жасаса, өмір бойы өкініп өтеді.Мамандық та сол тандаудың бірі.Егер мұғалім болғыңыз келемесе, жүрегіңіз оны қаламаса, басқа мамандықты тандағаныңыз жөн.Ата - ананы тындау керек , дегенмен бұл сіздің өміріңіз!Сіз қаламаған мамандықты тандасаңыз, күнделікті жұмысқа барғыңыз келмей, жұмысыңызды өмір бойы жек көріп өтесіз, ата -анаңызды іштей кінәләп өтесіз. Ұстаз болу - өте жауапты мамандық , қоғамға пайдасын тигізу үшін, саналы ұрпақты тәрибелеу үшін ең алдымен бұл мамандыққа деген сүйіспеншілік керек!
0 дауыс
Асылы таңдаған мамандығыңыз өзіңізге ұнауы керек. Қанша дегенмен сол таңдаған мамандық бойынша жұмыс жасайтын өзіңіз боласыз. Ата- анамыз сөзін екі етпеуіміз керек. Бірақ мамандық таңдау мәселесіне келгенде емес. Егер көңілің қаламаса оны оқығаннан не пайда.... босқа 4 жыл уақытты кетіріп. Сондықтан осы бастан жақсылап ойланғаныңыз жөн болар.
0 дауыс
мен болсам хирург мамандыгын тандар едым
0 дауыс
Ол өзінізге байланысты.
0 дауыс
Менің ойымша ЖД жақсы мамандық.
0 дауыс

Мамандық таңдағанда оның болашағын да ойлау керек. Себебі технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.

Мысалы, елімізде инженерлік мамандықтарға, дәрігерлерге, сервис қызметкерлеріне, ақпараттық технология, экология, логистика саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары, әрі оларға қажеттілік те күн сайын артып келеді. Болашағы бар басқа да мамандықтар туралы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

...