0 дауыс
14.1k көрілді
Қазір 10 сынып оқимын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланып жүрмін. Почта, Телеком, ЦОН деген сияқты мекемелерде жұмыс істеу үшін қандай мамандық таңдау керек? Өзіме осындай компьютерде, офисте отыратын жұмыстар ұнайды.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мамандық таңдағанда оның болашағын да ойлау керек. Себебі технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін. 

Мысалы, елімізде инженерлік мамандықтарға, дәрігерлерге, сервис қызметкерлеріне, ақпараттық технология, экология, логистика саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары, әрі оларға қажеттілік те күн сайын артып келеді. Болашағы бар басқа да мамандықтар туралы толық ақпараттымына жерден оқуға болады. 

0 дауыс
Мақсатыңыз компьютерде, кеңседе отырып істейтін жұмыс табу ғана болса, информатикаға қатысты мамандықты таңдайсыз.

Ал мен программист болуды ұсыныс етер едім. Қазір заманның дамуы өте тез болып бара жатыр. Сіз қазір 10 сынып оқиды екенсіз. Енді вниюерситедке түсіп, оны бітіріп, жұмыс тапқанша бес жыл өте шығады. Бес жылдан кейін кеңседе отырып істейтін жұмыстарды жасанды интелектуалдық программалар атқара бастайтын болады. Толықтай олай болып кетуі мүмкін емес деген күннің өзінде де, ол кезде сіздің қабылетыңызге де жоғары талаптар қойылады. Ал мен сіздің орныңызда болсам осындай жасанды интелектуалдық программалар жасайтын мықты программист болар едім. Жастық шақ өте аяулы мезгіл.
Жауабыңызға көп рахмет!Бірақ мен Информатикага жоқпын, ЕНТ да физика математика таңдайын деп отрм.Сізден сұрайын дегенім радиотехника,электроника жəне телекоммуникация мамандығы бойынша қай жерде жұмыс істей алады?почтада жұмыс істеуге боладыма?
0 дауыс

"UStudy" және "125" оқу орталықтарының директоры Әлібек Есенов сұранысқа ие, болашағы бар 5 мамандықты ұсынады:

  1. Математика мұғалімі;
  2. Геология;
  3. Ғарыштық техника және технология;
  4. Компьютерлік модельдеу (анимация, 3D);
  5. ІT (ақпараттық технология, компьютер); Толығырақ мына сілтемедегі сұхбаттан мамандық таңдауға қатысты пайдалы ақпараттар аласыз.
...