0 дауыс
Тал өсіру жолдарын айтыңыздаршы
04.04.2015 3.4k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
отырғызар алдында, шұңқыр қазған кезде, жоғарғы қабаттың топырағын бір жағына, төменгі қабатының топырағын екінші жағына үю керек;
көшеттің сынған не үзілген тамырларын өткір пышақпен бүлінбеген жеріне дейін кесіп тастайды;
көшетті шұңқырға тамырларының сабағынан тарамданған жері шұңқырдың түбінен 5-6 см биікте болатындай етіп орналастырады;
содан кейін әуелі үстіңгі қабаттан алынған топырақпен көміп, нығздайды да, үстін астыңғы қабаттан алынған топырақпен жабады;
топырақтың жиегін көтеріп, ортасын шұңқырлап, оған 1-2 шелек су құяды, дымқылдың тез кеуіп кетпеуі үшін шымтезек не ағаш үгіндісін себеді.

Жеміс ағаштарының тез көктеп өсуі үшін оларды диаметрі 2-3 м, биіктігі 50-60 см төбешікке егу керек:

алдымен қазық қағып, диаметрі 2-3 м шеңбер белгілеп алады;
сол жерге шіріген көң, шымтезек немесе түрлі қоспалар (6-8 шелек) сеуіп, 18-20 см тереңдікте жыртады;
содан соң көшетті тамыры жерге тиіп тұратындай етіп қазыққа байлайды;
шеңбердің сыртқы бетінен топырақ алып, оны көшеттің түбіне диаметрі 2-3 м, биіктігі 50-70 см төбешік пайда болғанша айналдыра үйеді;
сабақтың айналасынан шұңқыр жасап, оған су құяды.
04.04.2015
+1 дауыс

Құнарлы жерді 30-40 см етіп қазып, түбіне тынайтқыш тастап ортасына дейін су құйып, талды түбіне дейін апармай, ұстап тыңайтқышпен арласқан топырақты себесің! Осы жерден алынды....

 

04.04.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы