+1 дауыс
13.7k көрілді
"Екі қыз өсірген адамдарға жұмақтың есігі ашық" дейді. Сол секілді қыз өсіру, қыз баланы өмірге әкелу жайлы қандай мұсылмандық нанымдар ма?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тартса – ел жұртқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» - деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.

Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды кез келген қазақтың біле жүгені жөн.

«Қызда қырық қырсық та бар» деген халық сөзін естіп пе едіңіз?  Ендеше, қыз қонаққа барған үйінде бойындағы қырсық сол үйде қалады-мыс. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Яғни, қыз қонаққа барғанда, сол шаңырақты есік жағынан орын алса, сол үйді ызғар шалады екен. «Қызда қырық сайтан дабар» деген ырыммен қонақ күтуші үй иелері қызды есік жаққа отырғызбайды. Әйтпесе, сайтандар сол үйде қалатын көрінеді.

+1 дауыс
"Үш қыз өсірген адам жұмақтың төрінде отырады" дейді. Қызға байланысты тыйымдар: Шашыңды жайып жүрме, Ер адамның үстінен аттама, Аяғыңды көтеріп жатпа, Босағада отырма, Дастарханның бұрышында отырма, Қарқылдап күлме.
+2 дауыс
http://kyzdaralemi.kz/

осы жерден қарап көрініз сұрағыңызға жауап табылып қалар
+1 дауыс
Қазақтарда кызын қонақ деп есептеген.Қызын төрге шығарып құрметтеген.Қазақта "Қызды қырық үйден тыю" деген сөз бар.
0 дауыс
3 жастағы қыз баланың таңдай кағуы ненi бiлдiредi.
...