0 дауыс
1.1k көрілді
Марк Э́ллиот Цукербе́рг деген кім ???

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Марк Цукерберг (Марк Эллиот Цукерберг, мамырдың 14, 1984 жыл)— АҚШ бағдарламаушысы, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, және соның басқару кеңесінің төрағасы, филантроп. 2011 жылға сәйкес оның жеке қаражаты $17.5 миллиард деп есептеледі.[4] Facebook негізін 2004 жылыГарвард университетінің студенті Марк Цукерберг қалаған болатын. «Time» журналы аталған желінің негізін қалаушы сол кездегі 26 жастағы Марк Цукербергті «Жыл адамы - 2010» атағымен марапаттады. БАҚ-тар Жыл адамы ретінде Жулиан Ассанж аталуы мүмкін деп болжам жасаған еді. Бірақ Марк Цукербергтің атақ-абыройы «Әлеуметтік желі» фильмі экранға шыққаннан кейін арта түсті. Бұл фильм Facebook желісінің негізін қалаған жас жігіттің өз ісіне берік­тігін, еңбекқорлығын көрсетеді. Кейбір мәліметтер бойынша, Марк Цу­керберг әлемге танымал Билл Гейтстің өміріне еліктеп, Гарвард университетіндегі оқуын тастап, фрилансер болуға ұмтыл­ған.

Facebook

Марк Цукерберг қол жеткізген осы жетістігімен тоқтайын деп отырған жоқ. Бірінші кезекте ол, қауіпсіздік мәселелерімен айналысуды қолға алуда, яғни, бұл аккаунттарды бұзудан қорғау шаралары болмақ. Өйткені, пайдаланушылар жөніндегі ақпараттар жекелеген жағдайларда дүние табу, тіпті қылмыстық мақсаттар үшін қолданылады. Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіні құрушы өз жобасын алдымен тікелей эфир арқылы шығармақ болған екен. Бірақ, оның реті келмепті. Содан кейін істі бейне-блог арқылы жүзеге асыра бастаған.

Марапаттары

2010 жылы Time журналы Марк Цукербергті «Жыл адамы» деп атады.

+1 дауыс
Марк Цукерберг.



Әйгілі Facebook-тің негізін қалаушы.

+1 дауыс

МАРК ЦУКЕРБЕРГ,  FACEBOOK әлеуметтік желісінің басшысы. Жақында ғана WhatsAppты сатып алды.

Әлемдегі байланысты нығайта түсу – біздің басты мақсатымыз. Осы мақсат үшін біз өз қолданушыларымыз түрлі контентпен өзара тез, оңай алмасу үшін барымызды саламыз. WhatsApp бізге жақсы көмекші болады деп сенемін. Қызмет сапасын жетілдіре отырып біз WhatsAppтың бүкіл әлемдік байланысты барынша қамтамасыз етуіне жағдай жасаймыз. Сонымен қатар, компанияның тәуелсіздігі мен жоспарларына түбегейлі өзгеріс енгізбейміз. Алдағы бірнеше жылда біз қосымшаны қазіргі табысынан да жоғары деңгейге жеткіземіз.

0 дауыс
Марк Цукерберг (Марк Эллиот Цукерберг) — Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, және соның басқару кеңесінің төрағасы.
0 дауыс
Фейсбук желісінің басшысы.Жас Милонер
0 дауыс
Әсет Қарабалин Заман тобының әншісі жайында жазып жіберіңіздерші))
Ия дұрысқо бірақ оны мұнда жазбасаңызшы??? Сұрақ қоятын жер басқа жерде.
...