0 дауыс
5.1k көрілді

Жанқожа батыр жайлы қызықты деректер бар ма?

Қазақтың кейбір батырлары көріпкел, аруақты, аса ұйқышыл, өте алып денелі, т.с.с. ерекшеліктері болған екен, Жанқожа батыр жайлы қызықты мәліметтер болса екен.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ел аузынан жеткен аңыз бойынша батыр майдан үстінде шейіт кетуді армандап өткен. Алайда, бұған ағайын-туыстары жол бермегенге ұқсайды. Мәселен, алғашқыда Арықбалық маңындағы орыс әскерімен соғыста аты да, өзі де жараланып, ақырғы демі біткенше айқасып, ата жаудың қолынан өлмекші болған Жанқожаны Құлбарақ батыр сияқты етжақын туыс, қарулас достары ажал аузынан әрең алып шықса, кейіннен «өлсем өз жерімде дұшпаныммен бір ұстасып өлейін» деп Қызылқұмнан шығып елге беттеген сексен алты жастағы есіл ерді өздерімен өмір бойы көршілес, қоныстас әрі ағайын жұрты саналатын көрші рулардың қазанбұзар тентектері дегеніне жеткізбей, көш жолында, қапияда өлтірді.

Жанқожа жігіт ағасы болған шағынан бастап, ұзын сақалын қыздың бұрымындай етіп өріп қоятын болған. Бұл батырдың «ат үстінде және ұрыс кезінде желдің екпінімен кедергі болмасын» деген ұқыптылығынан туғандай.

 

Ресейдің отарлық езгісіне қарсы 1856-1857 жылдардағы көтерілісі кезінде батырдың мыңбасы болған Сырлыбай Шабақұлының шөбересі, Орақ Жанұзақұлының 1930 жылы қойған: «Жанқожа атамыз қандай адам болған?» деген сұрағына, «Ұялы» ауылдық кеңесіне қарасты «Биіктау» елді мекенінде өмір сүрген Бижан Жалмырзаұлы: «Жанқожа өте сұсты, көздері жалын атып тұратын, қабағы қалың, назарын сәл төмен салса қою, бұйра қастары жанарларын жартылай жауып кететін адам болған. Ашу қысқанда екі көзі қанталап, үнемі білегіне іліп жүретін айбалтасын шыр айналдырып, ысқырады екен. Бірақ, соншалықты айбатты батырдың бойы ұзын болмаған. Орта бойлыдан сәл-пәл ғана жоғары, екі иығына екі адам еркін сыятындай қақпақ жауырынды, кең кеуделі, жуан мойын, мұрыны үлкен, төртпақ адам болған» деген жауап қайтарған екен.

 

0 дауыс
Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
0 дауыс
8 сынып тарихынын §23 табасың.
+1 дауыс

http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/137/137fe841054fd3b07c3f853ee7a611c2.pdf&ln=kz

Осы сілтемеде беріліп отырған талантты жазушы Бегабат Ұзақовтың "Жантаза" атты кітабында Жанқожа батыр туралы "Жантаза атты әңгімесі бар. Оқып шығыңыз. Керемет жазылған!

...