+2 дауыс
4.4k көрілді

Джон фон Нейман туралы қызықты дерек жазсаңыздар?

Джон фон Нейман

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Джон фон Нейман (1903 – 1957) — еврей текті венгр-америкалық математик. Ол кванттық физика, кванттық логика, функционалдық талдау, жиындар теориясы, информатика, экономика ғылымдары және одан өзге де салаларға үлкен үлес қосқан ғалым. Ол әсіресе осы заманғы компьютерлерді жасаушылардың (фон Нейман архитектурасыдеп аталатын) атасы, операторлар теориясын  кванттық  механикаға (фон Нейман алгебрасы) қолданушы ғалым, сонымен қатар Манхэттен жобасына қатысушы және ойындар теориясы мен жасушалық автоматтар тұжырымдамасын жасаушы ретінде өте танымал тұлға.

  • Нейманның есте сақтау қабілеті өте мықты болған. Ол көп жыл өтсе де оқыған кітаптарының беттерін бірден ағылшыншаға немесе немісшеге аударып айтып бере алатын, ал француз бен италиян тіліне сәл кідіріп барып аударады екен.
  • Нейман тақтаны формулаларға барынша тез толтырып болатын да және оның ойын тыңдаушылардың бәрі бірдей түсініп болмай жатып тез өшіріп тастайтын.
  • 1928 жылы Нейман «Стратегиялық ойындар теориясына» деген мақаласын жазады. Осында ол минимакс теоремасын дәлелдейді, кейіннен бұл ойындар теориясына негіз қалайды. Бұл мақала екі қарсыластың покер ойынын зерттеудің және олардың әрқайсысы үшін ұтыс стратегиясын талдаудың нәтижесінде жазылыпты. Алайда бұл жұмыстың Нейманның өзі покер ойнағанда көмегі болмапты. 1944 жылы осы теорияны Н.Митрополиске түсіндіріп бола сала, онымен покер ойнағанда оған 10 доллар ұтылып қалған екен. Митрополис ұтысын алған соң, оның Моргенштернмен бірігіп жазған «Ойындар теориясы және экономикалық өзін-өзі ұстау» деген кітабын 5 долларға сатып алып, осы ақшаны және оның үстіне қалған 5 долларды кітап бетіне желімдепті, сонан соң осы жағдайды кітапқа жазып, оған авторға қол қойғызып алыпты.
  • Фон Нейман мен Станислав Улам сутегі бомбасын жасау кезінде қазір Монте-Карло әдісідеген атпен белгілі болған, тәуелсіз статистикалық сынақтар әдісін ойлап тауыпты. Осы әдісті жасаудағы басты қиындықтың бірі, ол кезде кездейсоқ сандар генераторының жоқтығы еді. Нейман кездейсоқ сандар тізбегін қалыптастыру үшін сол кездегі ең тәуір рулеткалары бар Монте-Карло казиносын пайдалануды ұсыныпты. Әскери мекеме осындай бір рулетканы жалға алуға келісіп, Улам мен Нейман мемлекет қаржысымен әбден құмарлары қанғанша ойнайды және осы әдістерін сол казино құрметіне Монте-Карло деп атапты.
  • Нейман туралы, «ол шешілмеген проблемамен ұйқыға жатып, ал түнгі сағат 3-те дайын жауаппен тұрады екен, содан соң жауабын айту үшін қызметкерлеріне телефон шалатын болыпты. Сол себептен Нейманның өз қызметкерлеріне қоятын талабының бірі, оның түннің кезкелген заматында оянуға дайын болуы», деп жазады.
  • Жол үстінде Нейман көлік айдап келе жатып-ақ қандай да бір проблеманың шешімімен айналысатыны соншалық, тіпті өзінің қайда не үшін келе жатқандығын ұмытып қалып, көлденең көмекке жүгінуіне тура келетін болыпты.
  • Бірде Лос-Аламостағы атом жобасымен жұмыс кезінде бір өте күрделі есептеу жүргізу қажет болады. Бұл іске Энрико Ферми, Ричард Фейнман және Джон фон Нейман да кіріседі. Ферми есептеу үшін өзінің сүйікті логарифмдік сызғышын, қаламын және көп қылып парақтар алады. Фейнман қасына түрлі анықтамалықтарды жинап, қолына сол кездегі ең жылдам істейтін электр калькуляторды алып есептеуді бастайды. Ал Нейман есептеуді ойша жүргізіпті. Есептеулер бір мезгілде  аяқталып, нәтижелер де сәйкес келген көрінеді.
...