–2 дауыс
13.2k көрілді
Музыка адамға қаншалықты пайдалы және қаншалықты зиян?Музыка адам жанына ем деген шын сөз бе?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Музыка барлық дертке ем
Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. ”Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ” деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамды шаттыққа бөлеп, мұң - зарын сейілткен. Музыканың әсер - ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқы мен салт - дәстүрін де өзгерте алады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: ”Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады. Ал, қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса, туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, әрі - беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада халықтың санамен сарғайып, мұңға батқаны; егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім - қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың шат - шадыман ғұмыр кешкені; егер қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі, қоштауы асқақ, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда халықтың өзіне - өзі сенімді де табанды болғаны; егер қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны; егер шалқар да шалқымалы, жүрекке жылы, жанға жайлы әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені; ал егер жабайылардың әндері сияқты шегіне жете бүлініп - бұрмаланған, жанығып – жан ұшырған, ырду - дырду әуен бел алса, онда халықтың бұзылғандық пен бейбастақтыққа белшесінен батқаны” (Трактат о музыке юэшу) – Исторические записки (”Ши цзи”. М., 1986. ІV том. 74, 81, 82 – б.). Сөйтіп, Сыма Цянь халықтың музыкасы арқылы олардың ішкі және сыртқы тіршіліктерін аңғарып, анықтауға болатынын айтады.

Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!
+1 дауыс
Егер тыңдайтын адамға музыка ұнаған болса, жанына шипа бола алады. Жалпы музыканың адамға зияны жоқ. Тек дауысы тым қатты болса, құлағына зиян болады. Музыка жанға дауа болады деген сөз рас
–1 дауыс
ақылды болғың келсе классикалық музыканы көп тыңда
ақылды болуға классикалық музыканың қандай пайдасы бар?
+2 дауыс
Бір жапондық ғалым тәжірибе жасаған ғой. Адам денесінде судың көп екенін білеміз. Әр түрлі музыкаларды қосып, судың клеткаларын қараған. Классикалық музыкаларды қосқанда жинақы әдемі болып көрінген. Рок музыка қосылғанда шашырап клеткалары жайсыз сезінген.
+2 дауыс
Адам жанына тыныштық беріп жаңа нәрселер жасауға жаңа идеялар жасауға мүмкіндік береді
0 дауыс
Жоғарыдағы оймен келісемін. Əсіресе өсіп келе жатқан сәбилерге тыңдату керек классикалық əуендерді
0 дауыс
музыка адам өмірін лезде өзгертеді деп айткан жапон ғалымдары
...