0 дауыс
9.5k көрілді
Кальянның (қорқор) зияны мен пайдасы қандай? Қайдан шыққан нәрсе? Неліктен оны көп тұтынады? Ол да тәуелділік туғыза ма?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кальянды ұнатушылар оған ешқашан салынып кетпейтіндерін алға тартады. Олардың айтуынша, никотинге деген әуестікке қарағанда, ара-тұра ішке түтін жіберу әлдеқайда жақсырақ екен. Мысалы, темекі тарту кезінде шайыр, никотин сиқты ағзаға зиянды заттар ішке барады. Ал кальянға қосылатын шарап, су немесе сүттің арқасындағы ондағы түтіннің кішкентай ғана бөлігі ағазаға түседі екен. Жақтаушыларға сөз берсең, кальян жұмыстан шаршап келгендедемалуға көмектеседі, оған салынып кетпейміз, суық түтін өкпеге салмақ түсірмейді деп тоқтамай айта беруге бар.Кальян қандай ауруларға себепкер?Міне, гәп қайда жатыр. Осы бір түтін таратқышқа әуестенушілер оны ережеге сай тарта да алмауы мүмкін. Сонымен бірге кальянды әдеттежалғыз тартып отырған адам көрдіңіз бе? Бізде ол біртүрлі қызық көрінеді. Кем дегенде бес-алты адам қосылған кездегі ермекке айналған.  Осы тұста тазалық сақталатынына сенімдісіз бе? Бірінің аузынан бірі жұлып алып, түтінді бұрқыратып отырғандарға қарап, алғаш ойға келетіні – осы. Сізден өткен кальян ертеңіне басқа үстелдегілерге қызмет көрсететіні сияқты, сізге дейін де ауыз тигендері бары айдан анық. Әлбетте, кальянды тазалау, дезинфекциялау – даяшының міндеті. Тек оны кім тексеріп жатыр дейсіз? Сіздің қолыңыздағы бір реттік мүштіктің тазалығына да сенімсіздік танытып отырған жайымыз бар. Ұжым болып кальян тартудың қандай ауруларға әкелетіні туралы айтып берейік пе? Әрине, онсыз болмайды. Кальян түтікшелері арқылы адамнан адамға гепатит, герпес, туберкулез, тіпті жыныстық қатынасқа қатысты аурулар да жұғады. Сенбейсіз бе? Ал сіздің алдыңыздағы жанның қандай аурумен ауырғаны белгілі ме? Жоқ, әрине!Содан соң кальянға салынып кетпейміз деу – далбаса. Тіпті қоспалардың құрамында никотин мен шайырдың бар-жоғы да белгісіз. Себебі оның қоспаларының құрамы еш жерде көрсетілмейді.Кальян қоспаларын өндірушілерге ол туралы айту қаншалықты тиімсіз болса, дәмхана қожайынан сіздің жиі келгеніңіз соншалықты маңызды екенін естен шығармаңыз.
Кальянның пайдасы
Иә, оның пайдасы да жоқ емес. Шығыстың патшаларынан қалған көңіл көтеру құралын тарту барысында тыныс жолдарына біршама жаттығулар жасалады. Қоспадағы сұйықтық көп болған сайын тыныс алу бұлшықеттеріңізге салмақ көп түседі.Кальянды ингалятор ретінде де қолдануға болады. Ол үшін шыны сауытқа қажетті тұнбаны құясыз. Өзінің қасиетін жоймаған құрғақ шөптердің қайнатпасы тұнбаның рөлін жақсы атқарады. Кальянның ингалятор ретінде қолданылуы – медицинада таптырмас әдіс. Қайнаған шөп тұнасы бар ыдыстың аузы кең болған жағдайда, ыстық будың көп бөлігі сыртқа шығып кететінін ескерсек, кальян арқылы демалу пайдалырақ екенін түсінер едік.

http://nazaraudar.kazjur.kz/2013/03/05 толығырақ осы жерде
–1 дауыс
googleдан ізденсеніз бәрін таба аласыз ғой..... Сол жерде барлығы толық жазылған.......
+1 дауыс
Бастысы зиянды. Тәуелділік туғызады. Тіпті шайдада тәуелділік есірткісі бар.
+1 дауыс

"Кальян" тарту зиян емес пе?

Қазір дәмханалар мен мейрамханаларда темекі тартуға тиым салынғаны белгілі. Алайда демалыс орындарында кальян тартып «кайф» алуға тосқауыл қойыла қойған жоқ.

Мұндай хош иісті микстер (әр түрлі шөптерден жасалған ұнтақ, оны темекі сияқты тартады) әу баста бөлме ішін хош иістендіруге арналған екен. Алайда жақсының бәрін иіскеп, дәмін татып көруге дағдыланған кейбір азаматтар оны тартып та көрген. Сөйтсе олардың әсері есірткінің әсерінен кем түспейтін болып шығады. Міне, содан бастап адамзат арасында микстерді де темекі сияқты тартатын әдет қалыптасқан. Бұл микстердің құрамына әртүрлі шөптесін өсімдіктермен қатар түрлі синтетикалық заттар болады. Олар микстерге есірткі әсерін береді.

Микс өндірісінің орталығы – Голландия. Ол жақтан түрлі-түсті қаптамаларда оралған қоспалар бүкіл әлемге таралады. Алғашында шөптен жасалған ұнтақтар дәрігерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ешқандай күмән туғызбаған. Дегенмен бұл заттарға деген сұраныстың күн санап артуы оларды алаңдата бастапты.

Бүгінде жастар арасында түрлі микс пайдалану да сәнге айналғаны жасырын емес. Тауарды сатумен, таратумен айналысатындар миксті ба­рынша мақтайды, денсаулыққа түк те зияны жоқ деп жатады. Ал оны зерттеуді енді ғана қолға ала бастаған мамандар құрамында адам денсау­лығына өте зиянды JWH-018 деген есірткіге ұқсас заттың бар екенін анықтаған. Ең өкініштісі, бұл заттар біздің елімізде тиым салынған психотропты заттар қатарына жатқызылмайды. Яғни оны емін-еркін саудалауға болады деген сөз.

Есірткіден кем әсер етпейтін мұндай микстерге деген сұраныс күн санап артып келе жатқанын айттық. ТМД елдері қатарында бұл затқа деген құштарлық ресейлік жастар арасында сәнге айналыпты. Біздің еліміз де Ресейден қалып тұрған жоқ. Ал олар бізге қайдан келеді?

Зиянды ұнтақтар Ресейге басында Ұлыбританиядан жеткізілген екен. Ал қазір микстер негізінен Қытайдан әкелінетін көрінеді. Олардың құрамында JWH-018, JWH-027, JWH-073, JWH-200 деген каннабиноидты синтетикалық заттар бары белгілі болып отыр.

Білетіндердің айтуынша, бөлшек саудамен сатылған 1 кило ұнтақтан 50-80 пайызға дейін пайда түседі екен. Тауар бұзылмайды, әрі пайдасы да шаш-етектен. Ал денсаулық пен есті алар құштарлықты ешкім ойламайды.

Еуропа ғалымдары да микске деген ессіз құштарлықтың тым көбейіп кеткенінен секем алып, оның құрамын зерттеп көріпті. Сөйтсе хош иісті ұнтақтардың көпшілігінің құрамы адам ағзасына аса зиянды болып шыққан. Нәтижесінде Жаңа Зеландия мен Канадада хош иісті микстің көптеген түрлерін сатуға тиым салынған. Кальян тарту, яғни хош иісті миксті жиі пайдалану қатерлі ісік ауруларына, жүйке жүйесінің бұзылуына соқтырады екен.

Микстер біздің қолданысымызға жаңадан енген зат. Сондықтан да бұл тақырыпқа қатысты дау жиі туындап жатады. Мәселен, кейбір мамандар «Аромамиксті» тартудан кейінгі адамның жүйкесіндегі өзгерісті есірткіге мас болу сияқты қарау керек десе, оған кереғар пікір білдірген ендігі біреулер «олай болса барлық хош иісті әтір су түрлерін де есірткі қатарына жатқызу керек» деген дау айтады. Алайда микстерді иіссумен салыстыруға болмайды. Себебі хош иісті ұнтақтардың құрамы толық зерттелмеген. Бұл ұнтақтардан адам 3-5 сағатқа дейін мас болады. Оның дәмін татқан кейбіреулер мұның нағыз анашадан кем түспейтіндігін де айтуда. Сондықтан билік басындағылар ғалымдардың сөздеріне құлақ асып, ертерек оларға тиым салатын заңдар қарастырмаса, ертеңгі ұрпағымыздың есірткіге тәуелді, ессіз шөпке есі кеткен нашақор болып өсуі ғажап емес.

+1 дауыс
Пайдасынан зияны көп
...