0 дауыс
4.4k көрілді
Сіздер негізі шәй ішесіздер ме? Оның адамға берер пайдасы мен зияны жөнінде не білесіз?

4 жауап

0 дауыс
Шәй әлемде ең кең әрі көп тараған сусындардың бірі.Пайдалану мен демдеу құпиясы ӘР ХАЛЫҚТА әр түрлі. Біреулер тұз салып, біреулері сүт қатып, біреулері тұз бен ірімшікті салып ішеді.Оны дұрыс демдеп, мөлшерімеен ішу денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді. Әлем халықтарының көпшілдігі көк шәй ішеді. Адам пағзасына пайдалы сусын.Көк шәй обыр дертінің алдын алып, дертті жояды. Үнемі ішетін адамдар асқазан, бауыр, обыр, түрлі дертке шипа. Зиянды холестеринді азайтып, қан қысымында тұрақтандырады.Көк шәй қандағы қант диабетінің мөлшерін азайтады. Шәй шөлді қандырып, сергітіп, ас қорытуды жақсартып, көңіл күйді көтереді. Шәй ішкенде қара шәйдің адамды сергітіп, жүрек соғысын жиілетіп, ал көк шәйдің қан қысымын төмендетеді. Және өт пен несіп айдайтын қасиеті бар. Шайды асықпай 2 минут үзілістен аздап ішу қажет. Сонда ағзаңызға үлкен пайдасын тигізеді. Шәйді асығып аптығып ішсе, дұрыс қорытылмай, шөлді қандырмай, асқазанды бұзады. Шәйді қай кезде ішкен дұрыс? Дәрігерлердің кеңесі бойынша шәйды оңды солды іше беруге де болмайды. Мөлшерінен көп ішілген шәй ағзаға өте зиян. 1. Ашқарынға салқын шәй ішуге болмайды. Себебі ол өт пен асқазанға үлкен зиянын тигізіп, бүкіл ағзаны тітіркендіреді. Ал керісінше жылы шәй ішсеңіз бойды сергітіп, ұйқыны ашып, шаршағанды ашып, санаңызды сейілтеді. 2.Тамақ ішердің алдында шәйды ішпеу керек. Өйткені шәй сілекейді қышқылдандырып, тағамның дәмін сездірмей қояды. Ондайда ас қорыту қызметі бірден бұзылады. Тамақтан кейін, тамақ асқазанда қорытылып болғаннан кейін 1 сағаттан кейін, шәйді ішкен дұрыс. Шәйдің шөлі сол кезде. Сонда асқазан қабылдайды. 3. Тамақтан соң бірден шәй ішпеу қажет. Себебі шәйдің құрамындағы танин, протейн мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендетіп жібереді. 4. Кез келген дәріні шәймен іше салуға болмайды. Себебі шәй тағам сияқты дәріні де сіңдірмей қояды. Шәйді қалай демдеу керек? Шәйді металл шәйнекке демдегенде дәмі бұзылып, тек қана фарфордан немесе шыныдан жасалған шәйнектер қолайлы. Шәйнекті алдымен бір рет ыстық сумен шайып, мөлшерімен шәй салған соң, 5 минуттай тұндырып, сосын үстінен еселеп құю керек. Шәйді салып қайнатпаған дұрыс. Дәмі бұзылып кетеді. Жүрек ауруы бар адамдарға, шәйды жылы суға салып, суын төгіп содан кейін демдеп ішкен пайдалы. Шәйді сақтау: Шәй өзіне дымқыл мен иісті тез сіңдіріп алатындықтан оны құрғақ жерде сақтаған дұрыс. Металл ыдыстан гөрі, шыны немесе фарфор ыдыстар қолайлы. Күннің көзінде тұрған шәй өзінің пайдалы элементерін жоғалтады. Ішкен кезінде білінбей, қорылып болған соң білінеді. Сондықтан қараңғы және құрғақ жерде ұстау керек. Мәліметтер aitaber.kz-сайтынан алынған
0 дауыс
Қонақтар кеткесін өзім отырып ішкен шәй ең пайдалы шәй
0 дауыс
Көп ішпейм.                                                                        .
0 дауыс
Мен де шәй ішпейді екенмін,негізі қара шәйға қарағанда көк шәйдің пайдасы мол)

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
4 жауап
+4 дауыс
7 жауап
+5 дауыс
6 жауап
...