Головкин Геннадий Геннадийұлы (1982, 8 сәуір Қарағандыда туған) - Қазақстан боксшысы. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.); ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады) және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады). 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген.
Толық есімі
Геннадий Геннадьевич Головкин
Лақап аты
GGG
Азаматтығы
Қазақстан
Туған күні
8 сәуір 1982 (32 жас)
Туған жері
Қарағанды,Қазақстан
Тұрғылықты жері
Биг-Бэр Лэйк,Калифорния, АҚШ
Салмағы
Орташа салмақ
Тұрысы
солақай
Бойы
178 см
Бапкері
Эйбел Санчез және Макс Головкин
Рейтингтері
BoxRec рейтинг бойынша позициясы
1 (1090 ұпай)
Кәсіби карьерасы
Алғашқы айқасы
6 мамыр 2006
Соңғы айқасы
21 ақпан 2015
Чемпион белдігі
WBA, IBO, WBCinterim
Айқастар саны
32
Жеңгендер саны
32
Нокаутпен жеңгені
29
Жеңілгендер саны
0
Тең түскендері
0
Болмағандары
0
Әуесқой карьерасы
Айқастар саны
350
Жеңгені
345
Жеңілгені
5
Қызметтік тізімі (boxrec)