Тазалық, Талғам | 3.2k қаралды
3.2k қаралды
Ең пайдалы шырындар ?

3 жауап

Шабдалы шырыны. Оны тұрақты түрде ішетін адамның жүрек бұлшық еті нығаяды, жүрек аритмиясынан арыла бастайды, гастрит асқынғанда да ол асқазанды тыныштандыра алады, асқортуды жақсартады, қан аздығында да шипалы. Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайынан да қорғануда шабдалы шырынын ішкен дұрыс.
Қызанақ шырыны. Адам ағзасының им-мунитет жүйесін күшейтуге әсері көп А және С дәрумендері бар, құрамында тұздар, микроэлементтерге бай. Мұндағы антиоксиданттар тіндердің қартаюын баяулатады.
Мультивитамин шырыны. Бұл сусынның құрамында әр алуан жемістер болғандықтан, қыста, көктемде түрлі инфекцияларға қарсы ағзаның күресу қабілетін арттырады, оны А және С дәрумендерімен байытады. Шаршағанды басады.
Емдік мақсатқа бұл шырындарды таңертең аш қарынға бір стақаннан ішуден бастап, сосын мүмкіндігінше, әрбір 2-2,5 сағат сайын бір стақаннан ішіп, екі ай емге пайдаланады.

Шырынмен емдеу

1. Үй алмұртының шырыны. Ол несеп айдауға өте пайдалы. Адамдардың қуы-ғында тас байланғанында үй алмұртының шырынын ішіп, емделгені дұрыс. Бұл шырын мен алмұрт тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтеді, түсін де ашады, бактерияларды жоюға да жақсы әсер етеді. Үй алмұрты шырынының адам ағзасына зияны жоқ.

2. Қауын шырыны. Бұл шырын несепті көбейтеді, оны тазартады, ірің бөліну-ді тоқтатады, бүйректі қыз- дырып, оны да, қуық жолдарын да тазартып, тасты сыртқа шығарады. 3. Картоп шырыны. Оның құрамында калий, күкірт, фосфор мен хлор көп. Соның нәтижесінде қарапайым картоп шырыны терідегі түрлі дақтарды жақсы кетіреді, ағзаны тазартуда оны пайдалану – таптырмайтын тәсіл. Картоп шырынын сәбіз шырынымен қосып пайдаланғанда бұл тәсілдің тиімділігі артады. Ол үшін 50 гр. картоп шырынын 200 гр. сәбіз шырынымен араластырады, күніне 1-3 рет ішкен жақсы.

4. Қабығы тазартылған капуста (қырыққабат) шы- рыны. Қырыққабат шырынымен бауыр ауруын емдеген шипалы. Бұл шырынды ішкен- нен кейін аурудың жанға бат- қандығы азаяды, бауыр қал-пына келіп, адамның жағда- йы жақсара түседі. Қырыққа-бат шырынының пайдалылы-ғы: оның құрамында күкірт пен хлор көп, йодтың пайызы жоғары. Қырыққабат щырынында күкірт пен хлор қосылып, асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартып, түрлі қалдық, қақтардан арылтады. Егерде бұл щырынды ішкеннен кейін іш желденсе немесе әлдеқандай мазасыздық пайда болса, ол – ішекте жи- нақталып, шіри бастаған та-мақтың қозғалысқа түсіп, ыды- рай бастағаны.

Ішек қырыққабат шырынын сіңіре алған кезден бастап, оның жағдайының түзелуге бет бұрғаны. Қырыққабат шырынына тұз қоспайды, ол өзі-нің емдік қабілетін жоғалта-ды. Қырыққабат шырынынан ұлтабар жарасы тез жазылады. Бұл дәрігерлерді де қатты таң қалдырып жүрген жағдай. Негізінен, қырыққабат шырынын күніне 100 грамнан 2-3 рет ішеді. Оны сәбіз шырынына қосып ішсе, әсері айрық- ша артады. Ол үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қо-сып, араластырады.

Қырыққабат шырыны сал- мағы ауыр адамдарды арықта- туға пайдалы. Ал арық адамдар қырыққабат шырынын сә-біз шырынымен араластырып ішеді.

Шырындардағы дәрумендер Жүзім шырыны. Оның құ-рамында тез қорытылатын қант (глюкоза мен фруктоза), органикалық қышқылдар (алма, шарап және лимон), минералды тұздар бай. Жүзім шырынында дәрумендер онша көп емес. Онда негізінен, каротин (провитамин А), В және С дәрумендері бар. Жүзім шы- рынының қуаттылығы, құнар-лығы (колориялығы) жоғары. Сол себепті ол бағалы дие-талық тағам саналады.

Алма шырыны. Оның құ-рамы қанатқа, пектин заттарына, минералды тұздарға (әсіресе темір тұзына) бай.

Абрикос шырыны. Оның (жұмсақ етімен) құрамында калий мен темір тұзы көп.

Каротин де мол.

Қара өрік шырыны. Оны жұмсақ етімен қоса және қант қосып әзірлейді. Құрамында каротин мол. Қара өрік шырыны шөлді басады, қарын-ішек трактісіне босаңсытатын әсер етеді.

Апельсин және манда- рин шырыны. Ол дәрумен-дерге, оның ішінде С дәру-меніне бай. Цинготқа қарсы қасиеттерімен бағалы. Қара қарақат шырыны.

Етімен қоса жасағанда онда С дәрумені көп болады. Ал ен-ді қой бүлдірген мен қарлы- ға шырындарында С дәрумені мұнан аз.

Томат шырыны. Оның құ-рамында өсімдік тағамдары- ның барлығындағы дәрумен-дер бар. Алайда онда ең көбі каротин мен С дәрумені. Жә-не де минералды тұздар, қант және органикалық қышқылдар да көп. Томат шырыны жағым- ды, бой сергітерлік дәмі бар, шөлді басады, ол қышқылды-лығының төмендігімен де сипатталады. Сәбіз шырыны. Ол да каротинге бай. Адам ағзасы-на қажетті кальций, фосфор, темір тұздары бар сәбіз шы-рынының басқа көкөніс шырындарынан құнарлығы мен асқазанда қорытылуы жоға-ры. Сәбіз шырыны балаларға, жүкті және бала емізетін әйел-дерге пайдалы да аса қажет. Қызылша шырыны. Оның құрамында қант, минералды тұздар, азоттық заттар мол.

Араластырылған және қойытылған шырындар Өнеркәсіптік жолмен шы-ғарылатын араластырылған және қойытылған шырындар жоғары тағамдық маңызға, жақсы дәмдік қасиеттерге ие. Араластырылған шырындар. Ол екі немесе одан да көп түрлі шырындардан тұрады. Мысалы, алма-мүкжи-дек, алма-сәбіз тәрізді. Қойытылған шырындар.

Оны алу үшін кәдімгі шырын- ды (негізінен алма шырынын) арнаулы аппараттарда суал-ғанша қайнатады. Қойытыл-ған шырындағы құрғақ заттар кәдімгі шырындағыдан 6 есе көп болады. Шырындарды әзірлеу әдістері Адам ағзасына пайдалы шырындарды әзірлеу қарапайым да оңай және оның түрі көп. Біз кейбір шырындарды әзірлеу әдісіне тоқталмақшымыз. Қарақат шырынын алу.

Жаңадан терілген жидекті та- залайды, ептеп салқын сумен жуады, шөлмекке салады, құмшекер қосады. 1 келі жидекке 1,5-2 келі құмше- кер қажет. Сонан соң шөл- мекті шайқайды, тағы да құмшекер қосады, таза мақ- таны дәкеге орап,шөлмек-тің аузын тығындайды, оны жарық түспейтін салқын жерге апарып қояды. Қа-раңғы жерде дәрумені жақ- сы сақталады. Шырын аши бастаса қант қосу қажет.

Өрік шырынын қай-нату. Әбден пісіп – жетілгенін, соғылмағанын, зақымдалмағанын таңдап алып, жуады. Суы толық сорғысымен жемісін ішіндегі сүйегінен ажыратады. 2 келі өрікке 1 стақан су құйып, 10 минут қайнату қажет. Піскенде өрікті металл тор үстіне салып езеді. Езілген өрік үстіне қант қосады. 1 литр сиропқа – 250 грамм қант қажет. Алынған қосындыны тағы да 10 минут қайнатады.

Сәбіз шырынын әзірлеу. Әуелі сәбізді қайна-ған сумен тазалап жуу қажет. Сосын оны таза жу-ылған ысқышқа немесе әбден жуылған ет тарта- тын машинаға салып, ұн- тақтап тартады. Осы тар-тылған сәбіз елекке не- месе дәкеге салынып, сы-ғылады. Шырын бұзылмас үшін оны балаға берер ал- дында әзірлейді. Ұзақ сақ- талған шырынның құнар-лығы жойылады.

Қызанақ шырынын дайындау. Оның қарапа-йым түрі мынандай: қыза-нақты әуелі қайнаған суға жуу қажет. Сосын оны таза тарелкаға кесіп, дәкеге салып сығады. Бұл шырында қырқұлақ ауруына дауа С дәрумені мол.

Құлпынай шырынын жасап ішу. Құлпынайды да қайнатылған суға жуу қажет. Су ыстық болсын.
Сосын оны дәкеге салып сығады. Шыққан сығынды-ға өзінің тең жартысындай етіп қант ерітіндісін (сиропты) қосып, сұйылтады.
Жақсы Жауап
Белгісіз
Мына жерден көріңіз  http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=61627
Белгісіз
Алма және Анар шырындары пайдалы
118,507 сұрақ
305,580 жауап
153,302 пікір
67,997 қолданушы