Тазалық, Талғам | 2.7k қаралды
2.7k қаралды
Анар шырынын сатып тұр . Арнайы аппаратпен сығып құюда. 0,5л -800теңге екен. Дүкендегі сатылатынына қарағанда жаңадан сығылғаны пайдалы болса керек. Ешқандай қоспасы жоқ . Осы анар шырыны неге пайдалы? Анар шырынында қандай дәрумендер бар?

2 жауап

Анар жемісі және сусыны фосфор, кальций, темір, магний, калий элементтеріне бай. Жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуға көмегі мол. Буындарымызға да пайдасы бар екен. Сондай-ақ, шаш, тырнақ, теріге де әсері шаш етектен.

 

Анар шырыны – жеміс-жидек шырындарының арасындағы ең пайдалысы. Жаңа сығылған, еш қосылысы жоқ анар шырынының ағзаға әкелер пайдасы мол.

Ең біріншіден анар шырынында түрлі микроэлементтер бар. Кальций, калий, натрий, темір, фосфор, магний сынды пайдалы қосылыстар топтамасы басқа ешбір жеміс не жидектің шырынында болмайды. Әсіресе құрамындағы калий шамасынан анар шырыны алдыңғы орында тұр.

Анар шырынындағы дәрумендер мен микроэлементтер ағзамен жақсы қабылданады. Дәрігерлер бұл шырынды қан аздық (анемия) шалдыққандарға дауа ретінде ұсынады. Оның қандағы гемоглобин шамасын көтеру қасиеті өте жақсы. Ісік, гипертония кезінде де пайдалы, сондай-ақ іш айдататын қасиеті бар.

Анар шырыны ас қорытуға көмектеседі, құрамындағы қосылыстар іш қабынуын басып, тәбетті жақсартады, диареяға шалдыққан адамдарға көмектеседі.

Анар шырынының тағы да бір ерекше қасиеті - ол радиация әсеріне шалдыққандарға көмектеседі.

Анар шырыны иммунитеттің жағдайын жақсартады, нәтижесінде ағза тұмау сияқты ауруларға шалдықпайды. Жөтел кезінде тіпті анар шырынымен тамақ шаюға кеңес беріледі.

Анардың тәтті түрлерінің шырыны ең пайдалы қасиеттерге ие екен. Анар шырынына бір қасық бал қосып ішсе де болады.

 

 

Жақсы Жауап
Тенге он плиты болады
118,520 сұрақ
305,606 жауап
153,303 пікір
68,024 қолданушы