0 дауыс
960 көрілді
Маған дәрігер Анар шырынын көп іш деді оның қандай пайдасы бар ?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Артериядан құтылу үшін міндетті түрде дәрі-дәрмектің көмегіне жүгіну керек емес. Өйткені қарапайым анар шырыны артерия қысымына қарсы төтеп береді. Оған "Атеросклероз" журналында жарияланған тәжірибе дәлел бола алады. Сонымен қатар анар шырыны жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алып, холестерин мөлшерінің көбейіп кетпеуіне көмектеседі.

Анар шырынының адам денсаулығына пайдасы:

♣ Артерия қысымын төмендетеді.

♣ Гемоглобинді көтереді.

♣ Ағзаны жасартады.

♣ Иммунитетті жақсартады.

♣ Антиоксиданттарға өте бай.

Анар шырынын күнделікті өмірде өзіміз дайындап іше аламыз. Оған цитрустік жеміс-жидектерге арналған шырын сыққыш болса болғаны. Бұл өте пайдалы шырын.
0 дауыс
Анардың 10 түрлі пайдасы

Егер анарды үнемі пайдаланатын болсаңыз, онда сіздің жүрегіңіз сағат сияқты тоқтамай жұмыс істейтін болады, сондай-ақ кәріліктің сіздің есігіңізді ерте қағуына жол бермейді.

Анар жемісі шырыны қандай дәруменге бай екені  барлығымызға  да таныс. Өйткені бұл жеміс туралы аз жазылып жүрген жоқ. Бұл постта анар жемісінің ерекше қасиеттеріне, пайдалы жақтарына тоқталсам деймін:

1. Анар адам организмін құнарлы заттармен қамтамасыз етіп отырады. Оның құрамында 15 түрлі амин қышқылы бар. Сонымен қоса, К, С, В9, В6 дәрумендері мен минералдарға (калий, мырыш, фосфор) бай. Анар – калориясы төмен жеміс. 100 гр жемісте бар-жоғы 72 килокалория болады. Төменде келтірілген ИНФОГРАФИКАДА 100 гр анар жемісінің құрамындағы дәрумендер мен минералдардың мөлшері сипатталған.

   

2. Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады.

Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен ауыратындар, сондай-ақ энтероколитцен ауырғанда анардың ащы сұрыптарын пайдалануға болмайды!

3. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек.

4. Анар шырынының тағы да бір ерекше қасиеті - ол радиация әсеріне шалдыққандарға көмектеседі.

5. Анар шырыны иммунитеттің жағдайын жақсартады, нәтижесінде ағза тұмау сияқты ауруларға шалдықпайды. Жөтел кезінде тіпті анар шырынымен тамақ шаюға кеңес беріледі.

6. Анар құрамында калийдің мөлшері өте көп болғандықтан, ол қан қысымын төмендету үшін өте тиімді болып табылады.

7. Анардың құрамында қабынуға қарсы тұратын зат бар және ол буын ауруларына шалдыққан адамдардың шеміршектері ыдырауының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Анар шырыны, сондай-ақ, адамды буын қабынуына шалдықтыратын ферменттердің артуына кедергі жасайды және шеміршектердің бұзылуының алдын алады. Анар құрамында өте көп мөлшерді эстроген элементі бар. Бұл элемент  әйел адамдардың сүйектерінің қаусап кетуінің алдын алады.

8. Анар ағашы – жұмақ ағашы. Ибн Аббастың жеткізуінше: «Біздің Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  анар дәндерін біртіндеп жейтін. Біз одан: «Неге олай жасайсыз?» дегенімізде: «Жер бетінде бойында бір дәні жәннаттан болмаған бірде-бір анар ағашы жоқ. Мен осы дәндердің бірі жәннатық деп үміттенемін»,- деп жауап берді» (Табарани). Ал Әли (Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Анардың қызыл етін жеңіздер, себебі ол асқазанды тазартады» (Ахмад ибн Ханбал), – деп айтқанын естіген.

9. Анар косметика саласында аса кең таралған. Ол теріні бос радикалдардың әсерінен қорғайды, теріні қалпына келтіру процестерін белсенділендіреді, оны қоректендіреді және жандандырады. Сондай-ақ коллаген мен эластиннің синтезделуіне мүмкіндік туғызады, бұл әжім қыртыстарының жазылуына, терінің тығыздығы мен созылымдылығын ұлғайтады.

10. ВВС телеарнасының хабарлауы бойынша,  Лос Анжелестегі Калифорния университеті зерттеушілерінің бір тобы 65-70 жас арасындағы простат ауруына шалдыққан ер адамдардың бір тобын бақылауға алған екен. Бұл адамдар хирургиялық жолмен немесе лазерлік терапия арқылы простат ауруынан емделуге тырысыпты. Бірақ тексеру кезінде байқалған белгілерге қарағанда бұл адамдардың ауруы одан ары өршіп кеткен. Зерттеушілер ауруға шалдыққан осы адамдардың бірнешеуін таңдап алып, оларға күніне белгілі бір мөлшерде анар шырынын беріп тұрды. Бұл шараның нәтижесінде осы адамдардағы простат ауруының өршу жылдамдығы анар шырынын ішкеннен кейін айтарлықтай бәсеңдеді.
0 дауыс
Менің бір білетінімі осы сайттағылардың жазуы бойынша ))) жүрекке пайдалы.
0 дауыс
Жүректің соғу лүпілін тұрақты етеді.Пайдалы сусындардың бірі)
0 дауыс
қаныңызды толтырады.Айтып жатады ғой қан толып иммунитетің көтеріледі деп)
0 дауыс
Қан толтырады анам жане мен оны жиы ішеміз
...