+1 дауыс
1.8k көрілді
Менің сол жақ көзім (-5.75 +3). Не істесем болады? Сол жақ көзім көрмей қалады ма деп қорқамын.

3 жауап

+1 дауыс
Дәрігерге уақытылы қаралып берген ем-домдарын орындап отырыңыз және же көзге көп салмақ түсіруге болмайды.

Қарақат жеңіз
   Қарақат көздің көру қабілетін арттырып, шаршауын басады және көз ауруларын алдыналады. Қарақатты дәрі күйінде қолданғаннан гөрі, жеміс күйінде жеген көзе әлдеқайда пайдалы.

Дәрумендер ішіңіз
   Статистика дәрумендер ішетін адамдардың көз ауруларына шалдығу қауіпінің төмен екендігін көрсетіп отыр.

Мониторды дұрыстап қойыңыз
   Компьютермен жұмыс барысында монитор көз деңгейінен төмен тұруы тиіс. Сол кезде сіздің жоғарғы қабағыңыз төмен түсіп, ол көзің ішіндегі сұйықтықтың азайып «құрғақ көз» синдромының дамуын тежейді.
Көбірек серуеңдеңіз
   Таза ауада серуеңдеу барлық ағзаға, соның ішінде көзге жағымды әсер етеді. Өйткені табиғатқа шыққанда біздің денеміз ғана емес көзімізде сергіп қалады.
Көзілдірік киіп жүріңіз
   Күн шығып тұрған кезде күннен қорғайтын сапалы көзілдірік киіп жүру қажет. Көзіңізді қорғаудан бұрын оған зиянын тигізетін арзан көзілдірік алып өзіңіздің көзіңізден ақшаңызды аямаңыз.
Көбірек көкөніс жеңіз
   Көкөніс көзге өте пайдалы. Әсіресе қызылшаны көбірек жеуге тырысыңыз. Өйткені оның құрамындағы мырыш көздің қырағылығын күшейтсе, темір қанның қызыл түйіршіктерінің қалыптасуына әсер етеді.
Көзіңізді демалдырып тұрыңыз
   Егер сіздің жұмысыңыз компьютермен немесе кітап оқумен байланысты болса көзіңізді демалдырып тұрыңыз. Бір нүктеге 30 секунд қарап тұрудың өзі де көзге жақсы әсер етеді.
Қан қысымының деңгейін қадағалап тұрыңыз
   Көптеген көз аурулары қан қысымының жоғарылығынан туындайды.
Жұмыс барысында көзілдірік киюді ұмытпаңыз
   Әсіресе сіз хлорланған бассейінде жүзетін болсаңыз немесе көше жұмыстарымен айналысатын болсаңыз көзіңіз зақымданбауы үшін қорғайтын көзілдірік киіп алу керек.

Бәрі жақсы болады,уайымдамаңыз.Сіз мықтысыз!
+1 дауыс
Яғни сізде АРАЛАС АСТИГМАТИЗМ деген. Уақытында окулистке тексеріліп,қажетті ем алып отыру керек. Көзілдірікті үнемі тағып, уақытында ауыстырып отыру қажет. Көзілдірік таққаннан, ем алып отырғаннан жақсарып ктетеді деп айта алмаймын. Бірақ та қауіпті асқынулардың алдын алып, одан ары тез үдеп кетпеуінің алдын алады. Склеропластика немесе лазерлік ем туралы ойланып көріңіз.
0 дауыс
Лазерлі операциямен минусты 0-ге апаруға болады, плюсты білмеймін.
...