+2 дауыс
3.0k көрілді
Менің соңғы кездері көзім ауырып жүр....Таңертең ерте тұрғанда  телефонға қарағанда көзім ауырып жүр және алыстан(-1)көрмейді,көзге арналған қандай витаминдер дәрілер бар,қалай көзімді қайтіп қалпына келтірсем болады?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамзат үшін екі көздің орны бөлек. Біз қамшының сабындай мынау жарық дүниенің бар қызығын көзбен ғана көріп, құлақпен естиміз. Ендеше, екі жанарымыз-жанымыздың айнасы десек, артық айтқандық болмас. Сондықтан да, бүгінгі айдарымызда оқырмандарымызға көз күтімі және жалпы көз ауруларының алдын алу жолдары туралы пайдалы кеңес ұсынғанды жөн көрдік.

Көзді күту үшін алдымен оның тазалығына баса мән беру керек. Жұмыс істегенде жақсы жарықтанған бөлмеде отырып, арқа мен басты түзу ұстаған дұрыс. Теледидарды қараңғыда қарауға болмайды. Ол көзге зиян. Осы ретте ескере кетететін бір жайт, көз тазалығын сақтаумен қатар денсаулыққа да мән берген жөн.

Көз аурулары тұқым қуалауы немесе сыртқы ортаның жағымсыз әсері нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін. Мәселен, құрамында канцерогендердің жоғары мөлшері бар тағамды және басқа да зиянды заттарды қабылдағанда көз ауруы пайда болады. Ал көз үшін ең пайдалы көкөністерге қырыққабат және жүгері жатады. Олардың құрамында дәрумендер мен минералды заттар көп болғандықтан, көздің қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Жақсы көру үшін тамақтың құрамында А дәрумені болу қажет, ол ағзаның түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін жоғарылатады. Сонымен қатар, көздің сау болуы үшін С, Ві, Ве және В12 витаминдерінің де маңызы зор. Олар қан тамырларын бекітеді, орталық жүйке жүйесін қоректендіреді.

Біздің көру қабілетімізге сапалы тамақтанумен қоса, басқа да факторлар зиян келтіреді екен. Бүгінде көптеген адамдар күнделікті компьютермен жұмыс істейді, ал кейбіреулері тіпті күні бойы оның алдында отырады. Соның салдарынан көз шаншып, қызарып ауырады. Сондықтан көздердің шаршауын болдырмау үшін бірнеше минут сайын назарды ауыстырып, демалып, бөлмені желдету қажет. Егер ауа тым құрғақ болса, батареяның астына су құйылған ыдысты қою керек немесе ауа ылғалдан-дырғышын пайдаланған жөн.

Көз бізден ұқыптылықты талап етеді, сондықтан жиірек таза ауада серуендеу қажет. Оған қоса, төменде көрсетілген жаттығуларды күніне бірнеше рет жасап тұру өте пайдалы.

• Түзу отырыңыз, назарыңызды алға қарай бағыттап, көзіңізді жабыңыз. Сөйтіп, айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Мәселен, солға, жоғарыға, оңға, төмен қарай. (5-10 рет)

• Саусақтардың ұшымен көзді аздап басып тұрыңыз да, алып тастаңыз. Бұл тәсілді 5 рет қайталаңыз. Одан кейін көзді ашып, жылдам ырғақпен 15 рет жыпылықтатыңыз.

• Оң қолыңызды алға созып, назарыңызды ортаңғы саусақтың тырнағына аударыңыз. Қолыңызды оң жаққа максимальді бағыттаңыз, бірақ басты бұрмаңыз және назарды саусақтан алмаңыз. Оң жақ қолыңызды қайтарып, енді сол жақ қолыңызбен жасаңыз. Мұны да 5 рет қайталаңыз.

• Көзіңізді жауып, қатты жұмыңыз. 5 рет қайталаңыз. Жаттығуды жасап болып, 15 рет жыпылықтаңыз.

• Бірнеше рет терең дем алыңыз, тынысты ұстап, белді бүгіп, басты алға қарай түсіріңіз. Содан кейін 5-ке дейін санап, қайтадан түзу тұрыңыз. Терең дем алып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

сілтеме

 

+2 дауыс
Тезірек окулистке қаралыңыз, көзің нашарлау себептері әртүрлі ауруларға байланысты, сенің көзіңді қарап көрмей ешбір дәрігер ешқандай диагноз қоя алмайды
+2 дауыс
Балық же көзді көруді жақсартады және Көз жаттығуын жаса
+1 дауыс
Көз өте нәзік орган. Сондықтан, көздерді витаминмен емдеу мүмкін емес. Көбіне көздердің бұлшық еттері ауырады. Сондықтан, саған интернеттен профессор Аветисов Э.С. көзге арналған жаттығуларын тауып алып, соларды жаса.
+1 дауыс
Окулистке қаралсаң тамызатын дәрілер жазып береді.
+1 дауыс
Коз - адамнын айнасы. Оте жаксы акыл айткым келип тур, интернетте орлиный глаз деген дисктер сатады, соны алып ишиндеги жаттыгуларды жане де сондагы советтерди окыныз, жасаныз, оте пайдалы, мен -3 тен -2 ге тусирдим немесе иглотерапия аркылы емдеуге болады
Қанша тг оны сатып алсам әкеледі ме?
18 мын гой деймин, казир есимде жок
+2 дауыс
Офтальмолог-окулистке барған дұрыс, -1 ештене емес екен былайынша. Шайдан қалған заварканы жылы күйінде бинке 1 шай қасық салып, жылы күйінде көзіңнің үстіне қойсан көздің ауырғанын басады. "Черника форте" ішіп жүр таңертен кешке 4 ай бойы үзбей.
+1 дауыс
Врачқа бару керекқой,біз не істей аламыз.Офтальмолог врачқа бару керекқой,көзіңді сақтау керек.
+1 дауыс
Ұялы телефонға көп қадала бермеу керек екен, көзге жаттығулар жасап тұр, көзіңді оңға, солға, жоғары, төмен қаратып. Алыс нүктелерге қарап тұру керек.
...