Сіздің айтып отырғаныңыз көктемгі әлсіздік пен анемияның белгісі болуы мүмкін. Алайда ешқандай болжам жасамай алдымен дәрігерге қаралғаныңыз жөн.
Сізге қосымша анемиядан қалай арылуға болатыны туралы ақпарат ұсынамыз.
Анемияның түріне, сипатына қарай белгілері де әртүрлі болып келеді. Көптеген түрлеріне ортақ белгілер мыналар:
- әлсіздік және тез шаршау;
- терінің түсінің бозғылттануы;
- тәбеттің төмендеуі;
- басы айналып, жиі көзі қарауытуы;
- құлағы шуылдауы;
- жүрек қағысының жиілеуі;
- иіс сезу өзгерісі.
Алдын алу үшін қалай тамақтану керек?
- кофеин мен шәйді, сүтті, тәтті тағамдарды тұтынуды азайту қажет. Олар темірдің ағзаға сіңуіне кедергі болады;
- көп мөлшерде жеміс-жидектер (оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат, құлпынай) мен көкөністер (қызылша, сәбіз, орамжапырақ, көк шөп) пайдаланған дұрыс;
- күнделікті тағам ретінде ет (сиыр, құс) және балық, бұршақ тұқымдастар, сұлы, қарақұмық жармаларын жеу керек.
Егер жоғарыда аталған анемияның белгілері байқалса, дереу дәрігерге көрінген дұрыс. Дәрігерлер 3 ай сайын гемоглабин мөлшерін анықтауға кеңес береді.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.