0 дауыс
Ет қуырғанда,  қуырдақ жасағанда ет қатты боп піспеу үшін не істейміз?
27.02.2015 9.3k қаралым

4 жауап

+1 дауыс
Ет қатты болып піспеу үшін, оны ұзағырақ қуыру керек, Ол өзінің суымен қуырылып, суы азайғанда өзіңіз аз мөлшерде ғана су құйып тағы кішкене қуырсаңыз, ет жұмсарады. Ал етіңіз жас малдыкі болса онда оны ұзақ қуырудың қажеті жоқ, себебі оның еті онсызда жұмсақ болып келеді.
27.02.2015
+1 дауыс
Анамның айтуы бойынша, қазанның астындағы от бір қалыпта жануы керек, тым ұзақ қуырып жіберсек те ол түйір-түйір қатты боп шығады.
27.02.2015
+1 дауыс
Сіздің қуырдақ сулы ма, жоқ әлде кебірі ма? Кебірі болса, майды көбірек құйып, астындағы отын қатты емес, баяу жағу керек. Ал пісіретін еттің де астындағы отына қарау керек. Қатты қайнаса ет қатты болып қалады.
27.02.2015
0 дауыс

Мына жерден қарап көріңіз -->>>http://www.gourmania.kz/2014/10/sur-et-quyrdaq.html

03.03.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы