+2 дауыс
18.3k көрілді
Құдалықтың  негізгі  белгісі   киіт  және  олардың  арасында  жүретін,  соған лайықталған  сый-сияпат.  Ол құдалар  дәрежесіне, дәулетіне   байланысты  әртүрлі  болып келеді. Киіт қою керек па? Артық шығын емес па? Қалай ойлайсыздар? Киітсіз құдалық болса?

4 жауап

+2 дауыс
Құдалықта киіт қою қазір әрбір қазақ тойында  бар нәрсе ғой.Оны сіз қаламасаңыз да үлкендер жасайды.Жалпы құдалық шақыру деген құда құдағиларыңа үйіңді көрсетіп,ас беру ғой.Негізі өзіме салса мен  алдын ала құдалығымда құдағиыммен келісіп, туыстарымның үйіне шақыртпай,кафелетпей тек үйімді көрсетіп,ас беріп және де бір кішкене болсын өзім алған сыйлығымды тарту еткім келеді.Құдағиымнан да соны талап етер едім.Бұл ысырапшылдық қой.Асып тасып бара жатса екі жақ жиналып,жастарға жабыла үй әперсек болар еді.
+2 дауыс
Көбі не дейді, көбі жұрт күндейді дейді, осы жұрт не дер екен дейді, отырған жерлерінде маған пәленшенің алқасын салды, әкесіне пәленшенің тонын кигізді дейді, сосын бір бірінен асып түсейін деп бәлен мыңның затын сұрайды, ал оның қанша шығынға әкелетінін ешкім ойланбайды.Осы дұрыс па?Жұрт ұлын ұяға, қызын қияға қондырдым, екі жастың бақытын тілеудің орнына олардан келген сый сияпатты қызықтап мәз болады. Киіт болғанда да екі жақтың ата анасы бір біріне сый жасап сонымен бітсе жарайды ғой, олардың тәтелері бар, ағалары бар. Жалпы екі жастың бақыты киітке қарап қалған жоқ қой. Баланың бақыты ата- ананың бақыты демей ме, ендеше сол киітке бола ренжісіп, берекені қашырудың керегі қанша. Жоғарыдағы қолданушы жақсы айтып кетті бұл ысырапшылдық, оданда сол ақшаға бірнәрсе әперген жөн.
0 дауыс
Шақыру хаттың астына китсiз той деп жазсаң болды...
Оны түсінетін адам бар, түсінбейтіні бар.
Қайдан болғаныңды бiлмедiм, Оңтүстiкте ондай үрдiс қалып бара жатыр. Берiлсе бас құдаларға берiледi болды...
+1 дауыс
Киітсіз құдалық болып жатыр. Соның бір куәгері менмін. Негізі ол дұрыс емес. Себебі ол ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ. Оны алып тастай да, бұза да алмаймыз. Киітсіз той болса, киітке қанша ақша керек, сонша ақшаны қолына санап береді. Өз басым киітсіз өткенге келіспеймін.
...