0 дауыс
18.0k көрілді

Менің салмағым 52кг бойым 175см шамасында, қандай тамақ жесемде семіру мүмкін емес, бірақ қарным қатты ашқан соң барып тамақ жеймін мүмкін соданба,бірақ спортпен шұғылданбаймын Ақыл кеңестеріңіз болса көмектесіңіз!

4 жауап

+1 дауыс
Қалай толсам болады?

Энергетикалық теңгерімге сай (Энергия тұтыну – энергия шығару = энергия запасының өзгеруі) салмақ қосу үшін энергия жұмсаудан бұрын көп мөлшерде калория тұтыну керек. Егер күніне 500 ккал мөлшерден көп калория тұтынсаңыз, бір аптада  450-500 г (Көбіне арық адамдар үнемі энергия тапшылықта өмір сүреді де, оларға калорияны бұл мөлшерден де көп тұтынуына тура келеді) салмақ қосуға болады. Сонымен қатар, күнделікті ішіп жүрген асыңыздың көлемін көбейтіп, жеңіл сусындардан жоғарыкалориялы сусындарға ауысқаныңыз жөн. Мысалы сыра ішудің орнына минералды сусын, ал газды судың орнына шәй ішкеніңіз дұрыс. Онымен қоса, тамақ үстеліңізден майға қуырылған картоп пен тоқаш түспесін. Сол арқылы сіз калорияңыздың артуына өзіңіз-ақ жағдай жасайсыз.

Салмақ қосу мен калория арттырудың тағы бір жолы – көмірсулы тағамдарды ұн, қант, ақ күріш секілді өнімдермен қоса қолдану. Инсулиннің жоғары деңгейі майдағы энергияның өсу эффектісін жоғарылатады. Осындай деңгей айырмасы пайда болған жағдайда қандағы қанттың үлесі тезірек тағам қабылдағысы келіп, аштық «шақыра» бастайды.

Еш кеңес әсер етпеді дегенде...

Онда... Онда қимылдау белсенділігін қысқарту арқылы да салмақ қосуға болады. Мысалы, жаттығуды доғарған спротшы тез арада салмақ қосып, толып кетеді. Себебі мұндай жағдайда ол сыртқа энергия шығаруды азайтады да, бұлшық ет тіні семіп қалады. Көп қимылдап, сыртқа көп мөлшерде энергия шығаратын адамдардың салмақ қосуы сирек құбылыс. Сондықтан да қара жұмыспен айналысқан адамдар көбіне арық көрінеді. Сізге расымен де тез арада толу керек болса, амал жоқ, осы жолды таңдаңыз. Ол үшін сіз сыртқы ортаға көп күш жұмсамай, күні бойы теледидардың басқышын қолыңызға аласыз да, төсектен бас көтермей жатасыз!

Бірақ бұл жол сізді еріншектікке жетелейтіні анық. Сондықтан шамаңыз келгенше, дұрыс тамақтану мен уақытылы тамақ тәртібін бұзбай салмақ қосуыңызға тілектеспіз!
0 дауыс
Тамақ көп жеп, көп ұйықтасаң салмақ қосылады.
0 дауыс
Тамақты көп жеп аз қимылдау бастысы.Әсіресе майлы тамақтарды көп қолдан
0 дауыс
Қойдың етін жеңіз)Салмақ қосқанның өзіңде пайдалы тамақтармен салмақ толтырыңыз.Ұн тағамдарын, нанды соғып алып жей беріңіз, әлі ақ салмағыңыз өз ойлағаныңыздай болады)
...