0 дауыс
1.4k көрілді
Өзбектер мен тәжіктердің басты физиологиялық және антропологиялық ерекшеліктері қандай?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Өзбектердің дәстүрлі кәсібі — егіншілік, сауда және ұсталық. Ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер, ұсталықтың әр түрі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару, т.б.) дамыды.Өзбектердің оазистердегі дәстүрлі шаруасы көпсалалы суармалы егіншілік, қолөнер мен сауда болды. Негізінен дәнді, дәндібұршақты, көкөністік, бақшалық, майлы дақылдардармен шұғылданды. Мақта және жібек шаруашылығы тауарлық дақылдарға жатады, онымен негізінен әйелдер шұғылданған. Егіншілік жұмысымен негізінен ер адамдар айналысқан.Оазистердегі мал шаруашылығы азықтың жетіспеуіне байланысты тек тұтынушылық маңызға ие болған, негізінен қорада өгіз, жылқы, есек, сиыр және бірнеше бас құйрықты қой ұстаған  Бұқар мен Қаршы оазистерінде бай адамдар даладағы жайлауларда қаракөл тұқымды қой өсірген, олардың жаңа туған қозыларының терісі шет аймақтарға шығарылған.Қалалар мен ауылды жерлерде қолөнердің бірқатар түрлерімен (ұсталық, тоқымашылық, көзелік, зергерлік, тері өңдеушілік және нан пісірушілік) шұғылданған. Әйелдер жүн иірумен, киім тігумен, кесте кестелеумен және т.б. шұғылданған.
Өзбектер— ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 22 млн-дай адам (2012). Антропологиялық жағынан ферғана-памир нәсіліне жатады, моңғол өңдесі аралас. Өзбектер этногенезіне Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдылық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпалары аздап та болса өз үлесін қосты. Өзбектер ұлтының қалыптасуы ұзаққа созылды, оның құрамы үлкен үш топқа бөлінді:Бірінші топ— көгалды алаптардағы отырықшы халықтар арасындағы өзбектер. Бұлардың басты белгілері ру мен тайпаға бөлінбеді, суармалы егіншілікпен, қолөнерімен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрды. Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Ферғана алқабын, Хорезмді мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларының отырықшылануына едәуір ықпал жасады.Екінші топ— Мауераннахрға моңғол дәуіріне дейін және Шыңғыс хан заманында ауып келген түркі-моңғол тайпаларының ұрпақтары (қарлұқ, барлас, қалтатай, моғол, т.б.), бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі өздерін «түрікпіз» деп атады.Үшінші топ— 15 ғ-дың аяғында Дешті Қыпшақтан ауған өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбек» атауы осы тайпалармен бірге келді. Бұл тайпалар шежіре деректерінде «92 баулы өзбек» деп аталады. Бұлардың көпшілігі орта ғасырларда-ақ әбден белгілі болған қыпшақ, найман, жалайыр, қаңлы, қытай (хитай), қоңырат, маңғыт, дүрмен, қатаған, қырық, сарай, кенегес, қият, құтты, ұйғыр, т.б. тайпалар мен халықтар еді. Бұлар, ең алдымен, қазақ, сосын барып өзбек секілді бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді.Көпшілігі Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады.Шарушылығы.Өзбектердің дәстүрлі кәсібі — егіншілік, сауда және ұсталық. Ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер, ұсталықтың әр түрі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару, т.б.) дамыды.Отбасылық ғұрыптары.Жартылай көшпелі өзбектер туыстық жағдайды қатаң сақтаған. Қазіргі отбасылары шағын, бірақ та ұлдары үйленген соң әке үйі қасына таяу орнығады (бір-біріне көмектесіп тұру үшін), қарашаңырақта кіші баласы қалады. Әйелдер қоғамдық өмірге көп араласпайды.Киім-кешектері.Ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында белге дейін келетін камзол да киген. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді.Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді.Тағамдары.Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай.Тілі және жазуы.Өзбек тілі — түркі тілдерінің оңтүстік-шығыс (ортаазиялық) тармағы, қарлұқ тілдері тобына жатады. Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Олардың ең үлкені оңтүстік-шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігін қамтитын қарлұқ диалектісі, ол қазіргі ұйғыр тіліне ұқсас келеді.Жазуы латын әліпбиіне негізделген.Қазақстанда 500 мыңға тарта өзбектер тұрады (2011). Олырдың көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында мекендейді. Қазақстанда 81 дана өзбек мектептері жұмыс істейді. Өзбек тілінде газет-журналдар шығарылады. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді.

Тәжіктер(өздерінше атауы – тоджик) – ұлт, Тәжікстан республикасының байырғы халқы. Тәжіктердің жалпы саны – 40,2 миллион адам (2002). Тәжік тілінде сөйлейді. Тәжіктердің басым көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Аздаған бөлігі шииттер. Антропологиялық жағынан Тәжіктер еуропоидтық нәсілдің памир-ферғаналық тобына жатады. Кішінара моңғолтектілер де кездеседі. Тәжіктердің халық болып қалыптасуы біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтан басталған (қаласы Соғды). Олар көне Бактрия, Соғды және Ферғана жазығын мекендеп, егіншілікпен айналысқан халықтардан (бактриялықтар, соғдылар, паркандар) және көшпелі сақтардан қалыптасқан. 6 ғасырда Түрік қағандығының құрылуына байланысты түріктің этникалық ықпалы күшейе бастады. 8 ғасырда араб жаугершілігі кезінде Орта Азияда Тәжіктердің үш этникалық тобы болды: солтустігінде соғдылар, орталығында ферғаналықтар, оңтүстігінде тохарлар. Басқыншыларға қарсы күрес халықтың бір этникалық топқа топтасуына ықпал етті. 9 – 10 ғасырларда Самани әулеті мемлекетінің құрылуымен тәжік халқының қалыптасуы аяқталды. 10 ғасырдың аяқ кезінде түркі тайпаларының, ішінара моңғол тайпаларының көшіп келіп қоныстануы отырықшы Тәжіктердің түркілену барысын тездетті. Бұдан кейін де түркі тайпаларының толассыз көшіп келуі жазықтағы Тәжіктердің ғасырлар бойы түркіленуіне әсер етті. Таудағы және қалалы жерлердің түркіленуі баяу жүрді. Тәжіктер ерте заманнан суармалы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысып келген. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарды. Қолөнері дамыған, әсіресе, ағаштан, алебастрдан (ақ гипстен) ою-өрнек, түрлі бұйым, мүсін, сәндік заттарын жасау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.
...