+1 дауыс
13.7k көрілді
Тәжіктердің негізгі азық-түлігі - тандыр нан, сүт тағамдары, күріштен жасалған тағамдар, көкөніс пен жемістер.
Нан тандыр арнайы пештерде пісіріледі. Қой және сиыр етін жейді. Жазық жерлерде тұратын тәжіктердің мерекелік дәмдері - палау, таулықтардікі - қой етінен пісірілген көже, яғни, шурбо.
Сіз тәжік халқының тағы қандай тағамын жасай аласыз? Тәжіктердің асханасының ерекшелігі неде?

1 жауап

+1 дауыс
Тәжіктер (өздерінше атауы – тоджик) — ұлт, Тәжікстан республикасының байырғы халқы.

Тәжіктер Тәжікстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, сонымен қатар Қазақстанда, Түрікменстанда, Ресейде, Иранда тұрады. Тәжік тілінде сөйлейді. Тәжіктердің басым көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Аздаған бөлігі шииттер. Антропологиялық жағынан Тәжіктер еуропоидтық нәсілдің памир-ферғаналық тобына жатады. Ішінара моңғолтектілер де кездеседі.

Тәжіктердің халық болып қалыптасуы біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтан басталған (қаласы Соғды). Олар көне Бактрия, Соғды және Ферғана жазығын мекендеп, егіншілікпен айналысқан халықтардан (бактриялықтар, соғдылар, паркандар) және көшпелі сақтардан қалыптасқан. 6 ғасырда Түрік қағандығының құрылуына байланысты түріктің этникалық ықпалы күшейе бастады. 8 ғасырда араб жаугершілігі кезінде Орта Азияда Тәжіктердің үш этникалық тобы болды: солтустігінде соғдылар, орталығында ферғаналықтар, оңтүстігінде тохарлар.

Басқыншыларға қарсы күрес халықтың бір этникалық топқа топтасуына ықпал етті. 9 – 10 ғасырларда Самани әулеті мемлекетінің құрылуымен тәжік халқының қалыптасуы аяқталды. 10 ғасырдың аяқ кезінде түркі тайпаларының, ішінара моңғол тайпаларының көшіп келіп қоныстануы отырықшы Тәжіктердің түркілену барысын тездетті. Бұдан кейін де түркі тайпаларының толассыз көшіп келуі жазықтағы Тәжіктердің ғасырлар бойы түркіленуіне әсер етті. Таудағы және қалалы жерлердің түркіленуі баяу жүрді.

Тәжіктер ерте заманнан суармалы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысып келген. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарды. Қолөнері дамыған, әсіресе, ағаштан, алебастрдан (ақ гипстен) ою-өрнек, түрлі бұйым, мүсін, сәндік заттарын жасау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.
...