–2 дауыс
486 көрілді
Соңғы уақыттары Қазақстан атуының өзгеруі туралы әңгімелер көп боп кетті. "Стан ",- деген "бодары" деген мағынаға саяды деп . Сол себепті "Қазақия" , " Қазақ елі ", және т.б . Ал сіздер қалай ойлайсыздар " ОРЫС ТІЛДІ ҚАЗАҚСТАН ", болмаса " ОРЫС ТІЛДІ ҚАЗАҚИЯ " ... деген атауға келісер ме едіңіздер ?.Бұл сұрақ орыс тілде сөйлегенді сән көретіндерге арналған....)!

7 жауап

0 дауыс
Қазақстанның аты өзгерсе "Қазақ елі" болып өзгеруі мүмкін, елбасының өзі осыны қолдайды.

Ал Қазақия, Алаш елі, Дешті Қыпшақ деген секілді атауға өзгеруі мүмкін.

Жалпы елдің атын өзгерту оңай нәрсе емес, көп ыждағаттылықты талап етеді. Бірақ жақын арада ел атауы өзгере қоймас, қаншама елге Қазақстан болып танылып қалдық қой.
0 дауыс
Өзгерсе Қазақ елі болып өзгергені дұрыс,бірақ Қазақстан болып енді танылып келе жатырмыз,Қазақстан болып қала бергені жөн әзірше.
0 дауыс
Менің ойымша Қазақ Елі болғаны дұрыс
0 дауыс
Дұрыс. Алдыңғы дамыған елдердің аттарына сәйкес келу керек. Франция, Испания, Италия,Россия,Турция деген сияқты Казахия болу керек.
0 дауыс
Егер өзгерту керек болса қазақ елі және алаш деп өзгерту қажет.
0 дауыс
Өзгермейтін болды емес пе? Қазақ елі дегеннен гөрі Қазақстан деп айтқан дұрыс сияқты. Мен келіспеймін.
0 дауыс
Жалпы қазіргі атаумен қалса жақсы  болар еді. Егер  өзгертетін болса Қазақ Елі деген атауды қолдаймын.
...