+1 дауыс
576 көрілді
Мысалы қазір жүріп жүрген жігітіңмен бәрі керемет. Ал үйленген соң бәрі басқаша болады, ара қатынас сыйластыққа ұласады,  дәл жүріп жүргенди болмайды деп жатат. Неге олай болады және сіз сондай өмірге дайынсыз ба? Мысалы Жүріп жүргенде қыдырып қалаған жеріңде жүресің, еркелеп айтқаныңның бүкілін істетесің дегенди.................

2 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Өте жақсы сұрақ екен. Менде бір өз үлесімді қоса кетейін. Алысқа бармай ақ өз басымнан өткеніне тікелей тоқталып айта кетейін.

Менің ойымша;
1. Ұзақ жүру дұрыс емес. Себеп екі организм бір біріне қатынассыз жүре берген соң организмдегі тітіркендіргіштер, сезімдер бейімделіп қалады да кейін үйленген соң қозу (возбуждение) болмай ұрпақ пайда болу мүмкіндігі төмендеп кетеді.
2. Үйленгеннен соң да керемет бола береді. Махаббатың әркімге деңгейлері әртүрлі болар, бірақ қыз жігіт болып жүргеннен де артық сезім болады. Нағыз махаббат үйленгенде басталады. Қыз жігіт болып жүргенде қалай болса үйленген соң да солай болып қалуы қызға тікелей байланысты. Жақсы қыз, тәрбиелі қыз, қылықты зық қашанда ерінің назарында жүрегінде болары сөзсіз.
3. Үй болғанда мақсат жоғарылайды. Бірге үй салу, үйлі болу, болашақ ұрпаққа жағдай жасау секілді жайттерге сәйкес артық қыдырыстар өздігінен тоқтайды. Бірақ әр айлық алғанда бір бірімізді қуантудан жалыққан емеспіз. Менімше ол тек екі жаққа байланысты. Кемеде бірге жүзген соң, барлық ауыртпалықты да қуанышты да бірген көрсең. Нағыз жұп болып қалыптасасың.
Досхан оте жаксы жазган екенсиз сиз сиякты жигиттер кобейсе екен, пикириниз катты унады.
Ияя жақсы пікір рахмееееет!
+3 дауыс
Досхан дұрыс айтады, еркелеп жүре беру де мақсат емес қой, үйленген соң жауапкершілік деген артады. Сіз енді ерке қыз емес біреудің асыл жары балаларыңыздың аяулы анасы боласыз, ал бұл жерде еркелік деген артық болар еді. Досхан айтқандай тікелей әйел затына байланысты. Бес саусақ бірдей емес дейміз, кей адамдарға қыз-жігіт болып жүрген ұнамайды да, олар тұрмысқа шығуға, балалы болуға асығады. Әрине ондай жандар бәріне де даяр.
...