0 дауыс
534 көрілді
Менің уйленгеніме 1 жылдан асты, улкеш шаңыраққа келін болып тустым, жасым 19 да, куйеуым уйленгеннен соң қалада турамыз дейтын, бірақ уйленгеннен соң, ауылға алып келды, ауыл дегенда базда турамыз, айналаңда ешкім жоқ, жалғыз уй, кір жуыу үшін қазанға су тасып қыи жазып кір жаумын, ыдыс жуыу үшінде уйге су тасып тазикке қиып жуамын ыдысты, уйге су кіргізілмеген, қолыды жуыу үшінде қол жуғышқа су тасып астындағы суды төгер, бір созбен айтқанда, азап, оның устіне туысқандары күнде келіп қонақ боладыда артын жинаспай кете берел, бала шағаларымен, мен қалай сол баяғы сурлы, отын жинаймын, қый жинаймын, и иттерге тамақ пысырамыз, тауықтарға су берем жем берем, адамдар білай турсын, ьарін тойдыру маған мындет, осы қаңыраған жерден ешқайда шықпаймын, адам турын көрмегеніме біраз болды, күйеуім кейде ұрады. Жылап жылап аламын да жүре беремін. Ешкімге де айтпаймын. Ата анама айтып кеткім келеды. Кейде қашып кеткім келеды, Бірақ бұл дерден қаша алмайсын, тау, шаршап кеттім. Ата анама айтсам, шыда қызым дейды, бірақ кетем деген ниетпен өмір сүріп келемін. Не істесем болады?

2 жауап

0 дауыс
Бұл өмір сынақтан тұрады. Сол әрбір сынаққа сабырлылықпен қарасаңыз қазіргі істеп жүрген жұмыстарыңыздың бәрі өткінші.

Сабырлық – ол бойында көркем мінез және жүрегінде иманы бар адамның негізгі сипаты. Өмірде түрлі қиыншылықтарға тап болған адамға өз-өзін ұстай білуі әрине оңай іс емес, сондықтан болар сабыр етушіге берілетін сыйы мен оның алатын сауабының мөлшері көрген қиындықтарына сәйкес көбейе түседі.

Сізге кім қандай ақыл айтсада өз жүрегіңізбен шешім қабылдаңыз. Исламда жанұя түсінігінің үлкен орынға ие екендігі «Неке (үйлену) – менің сүннетім. Кім менің сүннетімнен бас тартса, ол менен емес», - деген Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың хадисінен-ақ байқалады.
0 дауыс
Шыдамаңыз!
Сізде бір ғана өмір! Сіз бақытты өмірге лайықтысыз.
сіз осында жаза алатын мүмкіндігіңіз болса, @nemolchi.Kz деген парақшаға инстаграмда жазыңыз, көмек сұрасаңыз, көмектеседі кетіп қалуға.
Үлкен қалаға келіп, жұмыс тауып алып, өз өміріңізді құрастырасыз. Жап-жассыз ғо, жаным.
Бақытты болыңыз!

Ұқсас сұрақтар

...