Достық | 489 қаралды
489 қаралды
5 - сыныптан бері 5  бала болып ойнап күліп жүрдік, біраз уақыт қайғымызды да қуынышымызды да бөлістік , біреуі колледжге кетіп қалды, күзде жақсы сөйлесіп жүргенмін, 1 айдай болып қалды қазір, 3 еуімен баяғыдай емес, кеше отырыс жасапты ушеуі маған айтпай, біртүрлі сезімде болдым, бұрын ондайлары жоқ еді, менде де кемшілік жоқ емес бар, ең бастысы мен басқа  сыныптың балдарымен араласам олар жоқ, олар қызбен жүреді ал мен жоқ, және көп ауыстырады, ал мен 3 жыл бойы өзімді ұнатпайтын адамды сүйемін, олар менің сондайыма жындары келеді, ұмытсай дейді, кезінде айтып қалған, сол қыздың артынан жүгіріп бізден айырылып қалма деп, және ол 3 еуі бір жақпен қайтады ал мен басқа жақпен , мен оларға кейде айтам біздің үй жақпен қайтсаңдаршы деп, бір күн болсада, ал олар кейін дейді, бір күні балдардың қызы менің үй жағымда тұратын сол қызды шығарып салу үшін олар менің үй жағыммен қайтты, ол қызбен қазір амандаспайды да, сонда ол қыз менен артық болып кетті ма , және   жалғыз ол да емес себептер бар, бірақ ба,  олар менің нағыз достарым ба???   бір кездері олардың қызбен кездесулері мен ұйымдастырып бергем, сыйлық алатын кезде де барлығы маған айтады, мен біреуіне де орысша айтқанда отказ бермегем, қалай ойлайсындар олар менің нағыз достарым ба ???
сұрағым ыңғайсыздау мойындаймын, бірақ түсінген   боларсыздар

5 жауап

жоқ,әрине...Нағыз дос-ол өмір бойы жанныннан табылу керек қой..Басқа дос тапсаңшы..
Жақсы Жауап
Просто олар сені керек кезде ғана пайдаланып жүрген-ау
Саған айтарым егер олар сенің бір де бір өтінішіңді орындай алмаса, жақсылыққа жақсылықпен жауап бермесе олардан құтылу керек. Өзіңді бағалайтын адамдармен достас. Менің өмірден түйгенім осы болды.
Менің де басымда бар жағдай.

Жалпы адамдар өмірді көрген сайын, сырт жаққа шыға бастаған сайын өзінің өмірінің келесі бір парағын жаза бастайды. Жаңа достар, жаңа нәрселер... Ал  ескілер біртіндеп ұмытыла бастайды. Сіз егер бір-екі рет есіне өзіңіздің бар екендігіңізді, тірі екендігіңізді түсіріп қойсаңыз, бағалайтын адам одан соң өзі-ақ сізбен қарым-қатынасын үзбейді. Ал сізді көре тұра "көрмейтін" адам сізге болашаққа жол серік болып жарытпайды.

Біз де сондай едік. 5-6 бала, жан достар едік. 11 бітірген соң шашырадық, сонда да достығымызды үзбей сақтап, ауылға келген сайын кездесетін болдық. Бірақ жаңа өмірдің баспалдақтары асықтырып, төменде қалғандарды көбісі ұмытып кетті. Сол күйі бұрынғы достар бір-бірінен жырақтап кетті.

Саған айтарым: өзіңді бағаланды ғана жаныңа серік ет. Адамдардың ақ-қарасын айыра біл де, басыңа бұлт төнгенде қасыңнан табылатын, қалай да болса көмегін аямайтын адал достар тап. Ал сені ұмытуға тырысқан адам түбінде сені керек етпейді.

Солай, досым, саған да жаңа өмірдің есігі ашық. Жаңа өмір, жаңа достар және жаңа естеліктер...
Өмірде жалғыз қыз үшін тастап кетсе ол достық та емес, жәй сыйласатын адамға да көбірек келіңкіремейді. Ондай болса олармен неге араласқың келіп жүр. Басқа дос тап бір қыз үшін тастап кетке оның несі достық? Несі сыйластық? Жаңа дос тауып оларсыз да ойнап-күле алатыныңды ойла.
118,499 сұрақ
305,558 жауап
153,302 пікір
67,960 қолданушы