+1 дауыс
92.1k көрілді

Достық туралы мақал мәтел тауып бересіңдерме?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды. 
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа. 

Айтулы достың малы бір, 
кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа    
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.    
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —    
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес. 

Босқа бергенше досқа бер. 

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады. 

Дәмді болса - достық қымбат, 
Мәнді болса - жастық қымбат.

Дос — ажарың, жолдас — базарың. 

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. 

Дос бергеннің түсіне қарама. 

Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір). 

Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол. 

"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар. 

Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады. 

Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес. 

Дос егіз, дұшпан сегіз. 

Дос емес достың сөзін бөтен десе, 
Достқтан бір өкпемен кетем десе (Серәлі).

Дос емес досты сырттан жамандаса, 
Кісі емес бір қатені жаба алмаса (Ақмолда).

Дос жылатып айтады, 
Дұшпан күлдіріп айтады.

Дос көбейсе дұшпан аяқ астында. 

Дос көңіліңді суытып айтады, 
Қасың ойыңды жылытып айтады.

Дос көргеннен түңілме. 

Дос көтерер көңілді, 
Мал көтерер өлімді.

Досқа ат берме, 
ат берсең "жай жүр" деме.

Досқа ауырлығыңды салма, 
Достан қарыз алма.

Досқа келсең босқа келме. 

Дос құшағы — жаз. 

Доспен дос болғанша шаттан, 
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

 

+1 дауыс


Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.


Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.


Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.


Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.


Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.


Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.


Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.


Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса.
Өлгенінше қас болады.


Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.


Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.


Жігіт жолдасынан белгілі

.
Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.


Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.


Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.


Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат

Дос құшағы — жаз

Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.

Дос көргеннен түңілме

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Алыстағы досыңа   
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.   
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —   
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.

Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.

Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

Дос бергеннің түсіне қарама.

Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір).

Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.

Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.

Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.

Дос егіз, дұшпан сегіз.

Дос емес достың сөзін бөтен десе,
Достқтан бір өкпемен кетем десе (Серәлі).

Дос емес досты сырттан жамандаса,
Кісі емес бір қатені жаба алмаса (Ақмол

0 дауыс
Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты. Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар. Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады. Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық. Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды. Екі жақсы қосылса, Өлгенінше дос болады, Екі жаман қосылса. Өлгенінше қас болады. Мыңның түсін танығанша, Бірдің атын біл. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы. Жігіт жолдасынан белгілі. Біреу жаныңа жолдас, Біреу малыңа жолдас. Жақсымен жолдас болсаң, Жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, Қаларсың ұятқа. Құс қанатымен, Ер жолдасымен. Ай көрмесең туысың жат, Жыл көрмесең жолдасың жат.
0 дауыс

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

0 дауыс

Досы көпті жау алмайды, Досы жоқ адам - тұзы салынбаған тамақ.

0 дауыс

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

0 дауыс
дос сені бандылар ұрып жатқанда келмейді

тойлап тұрғанда келеді
0 дауыс
досы көпті жау алмайды деген дана халқымыз
0 дауыс
100 тенгең болғанша 100 досың болсын
0 дауыс
Емшіліксіз дос іздеген адам өмірде доссыз қалады
...