+1 дауыс
13.8k көрілді
Жер сілкінуін неше балдық дәрежеден бастап күшті деп есептейді? Неге?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жер сілкінуін сейсмограф деген аспаппен Рихтер шкаласымен өлшенеді:
1 балл - топырақ дірілдейді (арнайы құрылғымен ғана білуге болады)
2 балл - тек тып-тыныш жатқан
3 балл - кейбір адамдар ғана сезеді
4 балл - көптеген адамдар байқайды,
5 балл - асулы тұрған бұйымдар дірілдейді
6 балл - қабырға сылақтарында жарықшақтар болады
7 балл - кейбір үй-жайлар бұзылады,
8 балл - үй-ғимараттардың қабырғалары жарылады,
9 балл - қабырғалар, төбелер құлайды,
10 балл - ғимараттар құлайды,
11 балл - үй-құрылыстар түгелдей қирайды.
12 балл - өлкенің жер бедері өзгереді
Мынаған қарап киіз үй 12 балл ға дейін бүлінбейтінін байқауға болады)
ия 12 балда бір-екі уығы ғана сынады дейді )))
+2 дауыс
Баллдар Жер сілкінісі зардабы
0 Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады.
1 Адамдарға еш білінбейді.
2 Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқауға болады.
2,5-3,0 Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған заттар теңселіп тұрады.
3,5 Есіктер мен терезелер ашылып -жабылып тұрады
4-4,5 Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін.
5 Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады.
6 Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.
6,5 Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды.
7,0 Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады.
7,5 Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін.
8 Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады
8,5 Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады.
9 Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді.

Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр  деп атайды.
0 дауыс
Рихтер шкаласы бойынша 3 баллдан жоғары дүмпулер адамға қауіпті.
...