+1 дауыс
19.8k көрілді
Жер сілкінісі туралы толық мағлұмат керек?

1 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы!
Жер сілкіну ұзаққа созылмайды,әдетте бірнеше секунтдардың ішінде ғана өтеді!Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып,бірнеше  жылдарға жалғасуы мүмкін!Мысалы,Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған!
Жер сілкінісі жиі қайталанатын аудандарда зілзалаға төзімді үйлер тұрғызылады!Мұндай үйлердің  қабырғасы арасына темір салынған  бетон құймалармен бекітіледі,іргетасының беріктігіне айрықша көңіл бөлінеді!
Жер сілкіну уақытын болжауда жануарлардың да себі тиетындігі байқалған!Кейбір жануарлар жер сілкінуге бірнеше сағат абыржи бастайты екен!Мәселен,жылқы жем жемей,кісінеп,жан-жағына қарап үркеді!Құстар у-шу болып,аспанды шыр айнала ұшады!Аквариумдағы ұсақ балықтар ерсілі-қарсылы тынымсыз жүзеді!
Жер сілкіну балдары
1-2 балл - Жер бетінің тербелісі құралдардың көмегімен ғана байқалады!Адам сезбейді!
3 балл - Жер асты дүмпуін аздаан адам байқайды!
4 балл - Жер асты дүмпуі анық естіледі!Әйнек дірілдейді!Жер сілкінгенін кптеген адамдар байқайды!
5 балл - Ілулі заттар шайқалады!Ұйқыдағы адамдардың көпшілігі оянады!
11-12 балл Жер бетінде көптеген жарықтар пайда болады,тауларда опырылу көп болады!Жер беті өте үлкен мөлшерде өзгеріске ұшырайды!Мұндай жер сілкінулер өте сирек болады!
Мен дәл осыны іздедім
Рахмет сізге! Көмек берді.
...