+1 дауыс
417 көрілді
Алматылықтардың жағдайы қалай? Жер сілкініс қалай  болып жатыр? ақпарат қажет!!!

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 

Мамырдың 1-і таңғы 8.31-де Алматының халқы Жапондардың «шекпенін» киіп оянды. Соларша жер сілкінісінен оянды дегенім ғой. 30 секундтай Алатаудың баурайын теңселткен дүмпудің ошағы Алматыдан 75 шақырым жердегі Моловодное ауылының маңы, онда сілкініс 5.4 балл, Алматыда 4 балл болды. (Европалық сейсмология орталығының деректері бойынша бұның артынан 9 рет кішігірім сілкіністер болды. Күші сәл жоғарылығы осы 8.31-дегі…)  Сонымен бәрі тәмам болуы керек еді. Алайда кеш батысымен ел арасында 9 немесе 12 баллдық жер сілкінеді деген гу-гумен дүрбелең басталып, ел көшеге шығып кетті. Неге? Бәрін ретімен.

Таңғы сілкініс бола салысымен ҚазАқпаратқа ақпарат алу үшін сейсмология институтына хабарласқам. Тура жарты сағат бойы телефон дың-дың. Жарты сағаттан соң  көтерген әйел бүгін демалыс екендігін айтып, телефон тұтқасын тастай салды. Бұл 9 шамасы болатын. Тағы тердік, тағы да зіркіл жауап. Ойбоу енді қанша балл болғандығын шет елдік БАҚ-тан естиміз ба дедік, төтенше жағдайлар департаментіне звондаңдар, деді зіркіл дауыс. Тура солай болды. Шет елдік БАҚ-тан алмасақ та Европалық сейсмологиялық жағдайды бақылау  ұйымының мына сайтынан http://www.emsc-csem.org  керек ақпаратты таптық. Артынан төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару орталығына хабарласып, жоғарыдағы сайттағы деректерді мақұлдаттық. Сосын барып Астанаға редакторларыма жібердім. Ешкімнен ақпарат ала алмаған болуы керек ҚазТАГ  нақтыланбаған ақпаратты жариялады. Сейсмология институтының сайтында сілкініс туралы ләм-мим. Бір ауыз жоқ. Дәл сол қалпында түске дейін тұрды. Құзырлы орындар дұрыс ақпарат бермеді, бұдан кейін БАҚ  та оң ақпарат бермеді. Түстен кейін гу-гу тарай бастады. Туыс-таныстарымыз хабарласып, бүгін кешке қатты жер сілкінеді екен, не хабар десіп жатты. Біз ресми ақпарат жоқ, дүрлікпеңдер дестік. Ақпарат алуға тағы сейсмология институтына хабарластық, дың-дың телефоны. Сосын таңғы зіркілді естіп жүрек шайлығып қалған, құрсын дедік. Звондағандардың біреуінің айтуынша жер сілкінеді деп әкімшіліктен звондапты, біреулерінің айтуынша интернеттен оқыған, біреуі телеарналардан хабарлады, біреуі досынан, біреуі екі-үш рет ақырын-ақырын жер дүмпуі екі-үш рет қайталанған соң өзі қауіптеніпті, біреу көшеге шығып жатқан елді көріп құжаттарын жинай бастапты. Ел арасында осындай өсек гулеп жатты. Кеш бата халық дүрлігіп, көшеге шыға бастады. Досымның көлігімен Абай-Сайын көшесінен Райымбек даңғылынан дейін түстім, көше бойынан 2 мыңға жуық адамды көрдім. Бұндайлардың «жаман ойын» көшеге өрт сөндіргіш көліктермен, полицияның көліктерінің қаптауы одан ары үдетті. Біздің сейсмологтар сол кезде барып оянды. 12-ге таман журналистерге хабарласып, баспасөз мәслихатын өткізді, 12-де Алматы телеарнасынан тікелей эфирге шығып елді жұбату айтты. 6 баллдан аспаған соң елге хабарлау қажетсіз,- деді Сейсмология институының директоры Таңатқан Абақанов мырза. 6 балл болса жер сілкінісінің зардаптарын көруге болатыны түсінікті. Ал ондай жерде жер сілкінді деп хабарлаудың қажетсіздігі былай да түсінікті. Өсек таратқандарды тауып, жазалаймыз деді тағы сол Таңатқан. Менің БАҚ-пен, қоғаммен байланысты дұрыс жолға қоймағаным үшін осындай дүрбелең туды демеді сейсмология институтының деректірі. Қоғаммен байланыстың жазылмаған заңы бойынша  билік халыққа жағдайды түсіндіріп, байланысқа шықпаған соң  түрлі өсек шығып, дүрбелең туатыны белгілі. Кешегі жағдай соның салдары болды.Абақанов таңғы сілкіністен соң-ақ алғашқы ақпараттарды алысымен журналистерді жинап, тікелей эфирге шығып, майда сілкіністер боларын, одан қорқудың қажеті жоқтығын, дүрбелеңге бой алдырмауын ескерту керек еді. Ал, бұл болмаған соң өсектен-өсек, дүрбелең туды. Абақанов мырза талай жыл жасамаған бұқарамен байланысын түнгі он екіде жасап, басу айтты. Бұл біздің кейбір органдардың қоғаммен байланысты дұрыс жүзеге асыра алмайтынын көрсетіп отыр.

+2 дауыс
Я менде осы жайлы мәлімет білгім келіп отыр .Бірақ сол туралы сізге қысқа мәлімет айтып кетейін 1май куні тунде Алматы да 8-9 бал жер сілкінісі болады деп барлық адамдарды үйлерінен жатақханалардан шығарып жіберіпті кешке қарай содан тунге дейін журіпті
...