Қызанақ.Оның құрамында ағзаға керекті органикалық қышқылдар В1, В3, В6, В9, Е дәрумендері бар. С дәруменіне де өте бай.
Жаңғақтар.Күніне 100 грамм жаңғақ жеп тұрсаңыз, қанның құрамындағы холестериннің деңгейі төмендейді. Кедр жаңғағының құрамында холестеринді май бар. Жүрекке пайдалы жаңғақтардың бірі – бадам.
Кептірілген өрік.Калий, магний, темір және фосфор балғын өрікке қарағанда кептірілген өріктің құрамында өте көп болады. Кептірілген өрікті қаназдықта, көздің көру қабілеті нашарлағанда, жүрек ауруларына нығайтушы құрал ретінде қолданады. Ол қантамырларының бекітіліп қалуын болдырмайды және қатты ісіктерді жұмсартады, терінің жұмысын жақсартады.
Шабақ балық.Шабақ балықтың құрамында триглицерид мөлшерін азайтатын омега-3 май қышқылдары бар.
Шоколад.Қара шоколадты күнде аз-аздан жейтін болсаңыз, ол атеросклерозды тоқтатады.
Көк шай.Көк шайда қара шайға қарағанда кофеин өте аз болады. Ол – жер бетіндегі ең пайдалы 150 тағамның қатарында.
Апельсин.С дәруменіне өте бай. Мамандар дәрі ішпес бұрын цитрусты жемістерді көбірек жеуге кеңес береді.
Дерек көз: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/24378/