+1 дауыс
10.5k көрілді
Енші не себептен беріледі? Бұл салт-дәстүр қазірде бар ма?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы, «енші» сөзінен бір емес, бірнеше мағына шығаруға болады. Соның бірі – отбасынан жеке шаңырақ болып бөлініп шыққан ер баласына ата-ананың белгілеп берген малы мен басқа да дүние-мүлкі. «Еншісіз ұл, кәдесіз қыз болмайды» деген сөз осы дәстүрге қатысты айтылса керек. Ата-анасы қай баласына қанша енші бөлетінін өздері шешеді. Әдетте, үлкендерінің үлесі молдау болып жатады. Өйткені үйдің үлкені жағдайын жасап, тұрмыс-тіршілігін оңалтып алған соң кейінгілеріне қарайласуы тиіс.

 

Отбасында ата-ананың екеуі бірдей өмірден өтіп кеткен жағдайда еншіні теңдей бөліп үлестіру міндеті үлкен ұлға жүктеледі екен. Артынан ерген інілерінің ешқайсысын алаламай, әрқайсысына тиісті еншісін бөліп беру - оның міндеті, бір сөзбен айтқанда, әке-шешенің ең үлкен аманаты. Бұл – қазақ даласында қалыптасқан темірдей тәртіп. Аса жоғары жауапкершілікпен бұлжытпай орындалып, ешқандай дау-дамайсыз, басқа біреудің араласуынсыз, өз ретін тауып отырды. Ал сол еншіні алушылар да қолына тиген дүние-мүлікке аса қырағылықпен, атадан қалған аманат ретінде қарап, осылай ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.

 

Бүгінде осы дәстүрге сәйкес отбасын құрған баласына отау тігіп, енші бөлетіндердің қатары сиреп кеткенге ұқсайды. Осылайша өз құндылығымыздан ажырап қалдық. Әрбір ата-ана өз баласына тиесілі дүние-мүлкін енші бөлу салты бойынша беретін болса, ұмыт болған дәстүріміз қайта жаңғырар ма еді?
Жақсы айттың, қазір дүние мүлікті бөлісе алмай бірімен-бірі жаға жыртысып, соттасып жүрген туған ағайын бауырларды көріп жүрік
–1 дауыс
Әкенің мұрасынан балаға тиесілі үлесі деп түсінемін
0 дауыс
Енші - ортақ мүліктен біреудің өзіне тиесілі бөлігі. Синонимдері - үлес, пай.
...