+1 дауыс
882 көрілді
Намыс, дұрыс тәрбие, ұлтын сүйіп силайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз ағайын! Сіздер қалай ойлайсыздар? Пікір қосыңыздар.

5 жауап

0 дауыс

Дұрыс айтасыз. Әуелі жастайынан берілуі тиіс ұлттық тәрбиенің әлсіз болуы себеп. Екіншіден жаһандану да өз ықпалын тигізеді. Тек махаббат деген себеппен ғана жат жұрттық жігітті сүйіп қалғандар көп, бірақ шетелде қалып жұмыс істегім келеді дейтін қыздарды да көп кездестірдім. Қыздардың әлеуметтік тұрмыс деңгейі де маңызды фактор деп ойлаймын. 

Ал "қазақ жігіт қарамады" немесе "біздің жігіттер андай-мұндай" дейтін қыздардың әңгімесі негізсіз! 

Өзбектердің қыздары еш уақытта басқа ұлтқа тимейді,қазақтарға да тимейді,ал қазақ қыздары өзбектерге шыққандары көп.Азизасы не болды,Өзбекстаннан біржолата қуылды ғой!
Ha ha ha
0 дауыс
жәй Тұз сепкілеу керек терілеріне!!!
0 дауыс
Хм. Өздерің бастарыңнан өтпегесін айтуға оңай. Қыздың не кінəсі бар. Bul degen tuberkulezben auyratyn adamga nege aurusyñ degenmen birdeigoi. Shynymdy aitsam meniñ de zhaksy koretin zhigitim даргинец. Keshirim otinem birak "men ushin" ол ең лучший, жане одан лучший жок мен ушин
Ol birak islamdy ustanad
0 дауыс
қазақ жігіттеріне əңгіме жоқ білем. Кілең қасқыр сияқты. Барінде жоқ біздікіндей бірден шығасыңба деп тұратын, 1 өзі 10 адамға да қорқпай қарсы шыға беретін.
0 дауыс
Бүгінде қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне, шетелдіктерге тұрмысқа шығуы көбейіп барады. Бұған етіміз үйренгендігі соншалық, тіпті қалыпты жағдайдай қабылдайтын болдық. Әрине, еліміз көпұлтты мемлекет болғандықтан аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ, қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастыруы көбейіп бара жатқандығы алаңдатады. Сонау 40 жылдардың өзінде үкімет басында отырғандар орыстандыру саясаты мақсатымен одақтас республикалар арасында аралас некеде тұрғандарды санамалап көрсе, бірінші орынға Латвия елі шықса, Қазақстан екінші орынға шығыпты. Сөйтіп, қазақстандық басшылар Латвияны басып озуға күш жұмылдырыпты. Содан бұл қарқын 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында едәуір баяулапты, себебі сол кезде ұлттың оянған, рухының көтерілген кезі екен. Көрдіңіз бе, намыс оянғанда ондайға жол бермейді екенбіз. Ал, бүгінде бұл қарқын қарыштап көтерілуде. Осылай жалғасып, қазақ қыздары өзге ұлтқа тұрмысқа шығып кете берсе, бүтіндей бір ұлттың өсіп-өркендеуіне үлкен қауіп емес пе? Қазақтың ұрпағын көбейтер болашақ аналар қытайды, жапонды, түрікті, орысты көбейтіп жатса, санаулы қазақтың жағдайы атпаса да түсінікті болады. Жатжұрттықтан туған бала қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай қояр ма екен? Сол «жиендер» қайта қазаққа шүйлікпесін деңіз. Ондай жайттар өмірде көптеп кездеседі. Қара көздеріміздің оларға үйленуіне не себеп? Жақсы өмір, жайлы тұрмысты армандаған арулар олардың етегінен ұстағанды ұят емес, мансап көретін секілді. Түптеп келгенде әлгі қыздар кімдерге кетіп жатыр? Ол арабтың «қариялары», қаптаған қытайлар, келісімшартпен елімізге жұмысқа келген шетелдіктер, Қазақстан азаматтығын алып, осында тұрақтап қалғысы келген келімсектер болып отыр. Сөйтіп, бір оқпен екі қоян атуды көздегендер. Бұлардың шаңырақ көтеруге махаббат себепші болғанына күмәнім бар. Жалпы, шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарымыздың көбінің жанұялық өмірі ұзаққа бармайтын көрінеді. Бізде «жігіттер қыздарға қарағанда аз» дейді, ия, 30 жастан асқандар арасында сәл айырмашылық бар, бірақ статистикалық мәліметтерге қарағанда 29 жасқа дейінгі мың әйел адамға мың отыз жеті ер адамнан келеді екен. Яғни, бойжеткендерге өз орнымды таба алмай қалам деп қауіптенудің қажеті шамалы. «У ішсең, руыңмен іш» демекші, бақытты алыстан іздемей, «қолда бар алтынды қадірлеп», өзіміздің ел қорғар азаматтарымызды місе тұтқан жөн болар.
...