+1 дауыс
7.7k көрілді
Мысалы Қоңырат руының ішінде Көтен деген ру бар

руынызды сұрағанда айтасыздар ма тек білгім келіп тұрғаны айтқанда тұрған ұят жоқ шығар

(тек күлмеңіздерші)

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің руым Көтен!Көпшілік жай таныстар сурағанда Қоңыратпын деп қоя салатынмын.Күйеуге шығар кезде,жігіттің ата-анасымен танысарда айттым.Көп адамдар естімеген соң таң қалып кейде куліпте жатады.Бірге күліп қоя саламын "Ия,осындай ру бар,Ұлы сөзде ұят жоқ дегендей"деп.Жігітіме алдын ала түсіндіріп айтып қойдым (бірақ ол руға қатты көңіл бөлмейді). Құдалықта аталарым елімізді айтып ұялмай таныстырады.Өздері тарихты іздестіріп жасаған шежіресіде бар.Егер Көтен руынан болып шежіресін,тарихын білуге қызықсаңыз біз арқылы кітапты алып оқи аласыз.Бірақ ол кітап санаулы ғана шыққан.Қазіргі уақытта Көтен ата ұрпақтарының көбісінің уйінде бар. Руым Көтен.Мен ұялмаймын айтуға.Көтен атамыз өз дауірінде атақты,адал,мұсылман дінін ұстанатын, Меккеге барып келген,əділ билігін айтатын кісі болған.Мен мақтанышпен айта аламын. Адам өз руының шежіресін жеті атасын білу шарт. Кішкентайымнан Əкем уйретіп жаттатып отыратын.
–1 дауыс
Мен жазуға ұялып отырмын, Уәлибек ағаң өзі айтады мына видеода қоңырат ішіндегі руларды.

0 дауыс
Иә ұят емес,ол рудың аты ғой,сондықтан айтуға ұялмау керек,менің руым сондай болса,қысылмай айта беретін едім)))айтқан кезде бір күліп алуға болады)))
0 дауыс
Көтен емес Көтенші шығар.қоңыраттың ішіндегі қараша оның ішіндегі көтенші болу керек
0 дауыс
Ия , айтамын. Менің  руым- Көтен. Неге ұяламыз.
...