0 дауыс
257 көрілді
Ассалаумағалайкум барша Қазақтың ер кісілеріне!Сәлеметсіздер ме барша Қазақтың әйелдер қауымына!(Барлық жүздің кісілеріне(ОРТА ЖҮЗ,КІШІ ЖҮЗ)))Не үшін бұлай жүзге бөліп тұрып айтып отқанымды түсіндіріп өтейін.Бұл жерде ешқандай да ешкімді де бөліп тұрған жоқпын!Менің қоятын сұрағым Кіші және Орта жүздің арасындағы болып жатқан келеңсіздіктерге байланысты,сол үшін Ұлы жүздің кісілерін араластырғым келіп тұрған жоқ!Және де сол Кіші жүздің ішінде "Адай",ал Орта жүздің ішінде "Қоңырат" руының арасындағы түсініспеушілік.Мен өзім Қоңыратпын,және өзім Адай қызды қатты ұнаттым,онымен бірге болашаққа көп жоспарым болды.Бірақ,оның анасы,анасының бауырлары барлығы бірге бір ауыздан Қоңыраттың баласы керек емес деп айтқан еді.Мен себебін сұрағанда,олар маған Адай Қоңырат арасындағы бір тарихи соғысқа байланысты Адайлар Қоңыраттарды(!) жек көріп кеткенін айтты.Бірақ басқа Адайлар мүлде олардың айтқандарымен келіспейді.Кімнің ойына-"егер қыз жақсы көрсе кетеді ғой сенімен",-дегісі келген адамға айтарым,ия ол қыз кетер еді,бірақ ол анасымен қалды,себеп:өйткені оның анасынан басқа ешкімі жоқ,әке-шешесі ажырасып кеткен(14жыл бұрын).Адай халқы айтыңыздаршы!Қандай жағдай,қандай соғыс еді ол.Сосын ол шынымен де осыған тіреліп тұрса,Құдайға шүкір біз қазір тәуелсіз мемлекетте тұрамыз,ешқандай да соғыс жоқ!Егер Алла сақтасын болатын жағдай болса,барлығымыз біріге қаламыз.Сонда қазіргіміз маңызды ғой біздің,не керек баяғыны араластырып.Сөздің қысқасы!Адай халқы ғана,соның ішінде тек бізді осының(тарихи соғыстың) кесірінен жек көретіндер,айтсаңыздар.Қайда жазылған бұл соғыс туралы,дәлелдеп берсеңіздер.Мен бұны өзінің ойынан шығарып алды деп ойламаңыздар,мен сіздерге бір емес бірнеше Адай кісілерден естігенімді айтып отырмын

1 жауап

0 дауыс
Ескі заманның адамдары деп санаймын. Бір сөзбен
...