+1 дауыс
670 көрілді
Сәлеметсізбе. Мен күйеуімді қатты жақсы көремін. Ол жоқта көп жылап, уақытымды да күшімді де текке кетіремін. Білем, осыным дұрыс емес, алайда ақылыма еркім бағынбай қойды. Ол да менің өзін жақсы көретінімді біледі, әдейі көңіл бөлмейді. Сылтауы - "қолым тимейді". Айтыңыздаршы, адам шын сүйсе осындай себеп болуы мүмкін бе? Онымен ұзақ сөйлесіп,сырласып отырғым келеді. Ал ол сөйлесуден қашады, не туралы сөйлесеміз деп ашуланады. Бұл суып кеткеннің белгісі емес пе? Ол мойындамайды. Кейде кетіп қалғым келеді, айтыңыздаршы, өмір сүргім келмейтіндей күйдемін, жаным қатты ауырып жүр, не істегенім дұрыс? Күйеуіме эмоционалдық тәуелділіктен қалай арылсам болады? Маған көмек керек...

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жанұя мәселесi бұл өте нәзiк мәселе. Бұл жерде тарс еткiзiп мынадан деп айту қиын. Кейде еркек заты осылай жалындырғанды ұнатады содан рахат алады, өйткенi еркек қу халық, жалынған сайын жалпаяды оның несiн жасырамын. Бiрақ кейде ойнасы болса да осылай суып кетiп жатады. Сiз ол тәуелділіктен қәзiр арыла алмайсыз. Сiзге ақылым өзгеруiңiз қажет, мейлi мiнез болсын, имидж болсын, көп жалынышты бола бермеңiз, қасында жыламаңыз. Қысқасы қызғанышты, тәуелділіктi, кемшiлiктi, өзiңiзге деген сенiмсiздiктi бiлдiрмеңiз оның қасында...
0 дауыс
Мен енді әйел баласын онша түсінбеспін, бірақ сонда да басқа бір нәрселерге көңіл аударып көрсеңіз болмай ма? Басқа мәселелер де бар шығар алаңдататын??
0 дауыс
Психологқа көрініңіз.
0 дауыс
Сізден бірдеңе күтіп жүрген шығар күйеуіңіз......
0 дауыс
Менің ойымша сізді күйеуіңіз аз жақсы көретін сияқты. Маған да тисетін қыздар көп. Ал мен солардан тура күйеуіңіз сияқты қашқақтаймын. Сондай жағдай болуы мүмкін. Күйеуіңізден неге олай істеп жүргенін сұрап көріңіз.

Ұқсас сұрақтар

...