+1 дауыс
4.9k көрілді

Бұрын полиция көліктерді себепсіз тоқтауға болмайтын ал қазір ше?

Біреуі: Полиция көліктерді себепсіз тоқтатуға болмайды дейді  

Енді бірі: Полиция көліктерді себепсіз тоқтата алады дейді 

Нақты қайсысы? Дәлелмен жауап бересіңдерме? Батсы қатырмай!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

анау видео Опубликовано: 27 февр. 2014 г. дейді
2015 те не болды екен?
Ал мына суретке күмәнім бар
осы жерден көрші....
рахмет!                                                   .
+1 дауыс
Бүгіннен бастап жол ережесіне қатысты жаңа заң күшіне енді.  Ереже бұзған жүргізушілер енді айыппұлды екі-үш есе артық төлеп, полицейлердің бүкіл бұйрығына бағынуы тиіс. Тіпті, тоқтатқан жол сақшысы рұқсат бермейінше көлігінен түсуіне де құқық жоқ. Есесіне, полицейлердің құзыры күшейгені сонша, ереже бұзған жүргізушілерді жұмыстан тыс уақытта, формасыз жүріп-ақ жауапқа тартуына болады.

Бүгіннен бастап айыппұл көлемінің шарықтағаны аздай, жүргізушінің көліктен түсу-түспеуін жол полицейі шешеді деген мәселе қоғамда үлкен дау туғызуда.  Жүргізушілердің басым бөлігі мұндай тәртіп жол сақшысына берілген шексіз билік, жемқорлыққа жол ашады деп наразылығын білдіріп жатыр. Алайда, жаңа заңды түсіндіруге шақырған Жол комитетінің өкілдері қатаң талапты қабылдауға "тәртіпсіз" жүргізушілердің өздері мәжбүрледі дейді.

Былтыр мыңнан астам құқық бұзушылық болған. Полицейді соққаны бар, полицейге қарсы тәртіп бұзғаны да бар. Сол үшін жасалған ғой.

Бұдан былай жол ережесін бұзып қойғандар төлейтін айыппұлдың мөлшері екі-үш есеге артып кетті. Мәселен, жылдамдықпен жүйткіп жүргенді жақсы көретіндер бұрын 9 мыңнан 25 мың теңгеге дейін төлесе, енді 55 мыңға дейін шығынданады. Көлік тізгінінде телефонмен сөйлескендер де, жолдан бұрылу және тыйым салған жерге тоқтағандар үшін де айыппұл екі есеге көбейді...

Ал жолдың қарсы бетіне шығып алдыңыздағы көлікті басып озғандар жүргізуші куәлігінен 1 жылға айрылады. Мас күйінде көлікке мінетіндерге жаза 3 жылдан басталады.

Ал заңды қабылдаған депутаттар "қымбат" айыппұлды төлегісі келмейтіндер, ережені бұзбасын деген пікірде. Рөлге өздері отырмайтын, жүргізушісімен ғана жүретін мәжілісмендер, осындай қатаң заң арқылы ғана жүргізушілерді тәртіпке саламыз дейді. Бірақ, жемқорлыққа жол берілетінін мойындайды.  

Тоқтатқан шопыр бүкіл осы айыппұлды төлегеннен гөрі оның жартысын ғана төлеп тастау деген жеңіл болар еді. Айыппұлдар қымбат болғандықтан жүргізуші ГАИ қызметкеріне пара ұсынайын десе оның да бағасы өсіп кетеді ғой.

Бұздым. Бұзғанда қасымда немерем бар еді. Соны ременін тақтым да, өзім тағып үлгірмедім. Соны көріп қойып тоқтатты. Олар кешірім сұрады. Таныған болуы керек. Айып төлеген жоқпын.

Осылайша, жүргізушілер жол ережесін бұзса, жаңа заң бойынша кем дегенде 5 мың теңгесінен қағылады. Жолдағы тәртіпті екі-үш мәрте бұзатын болса, жүргізуші куәлігімен де қош айтысуы мүмкін. Ал айыппұл салынған күні немесе сол аптада төлейтін ұқыпты жүргізушілерге жеңілдік алдағы жылдан бастап күшіне енеді.
Аяғына дейін оқыдым сұрағыма жауап таппай қалдым...
Қазір көлікті полиция қызметкері себепсіз тоқтата алады. Жаңа заңға байланысты солай. Машинадан түсуге болмайды. Айыппұл 10000. Сол сияқты себепсіз тексеріс үшін тоқтата береді.
+1 дауыс
Лепехов па сол айтады өзіңмен бірге ГАИ тоқтатуының 8 себебі жазылған заңды өзіңмен бірге алып жүр деп. Тоқтатқан жағдайда бірден себебін түсіндіруі тиіс, себепсіз тоқтатып не қылады?
+1 дауыс
Кеше шыққан заңда ГАИ қызметкері  тоқтанқан жағдайда себебін түсіндіру міндетті емес делінген.
+1 дауыс
Полиция себепсіз тоқтатуға құқұсы жоқ!
+1 дауыс
Ол өзіңе байланысты

1) Жол ережесін сақта . Қазақстанды сыйлаған боласың

2) Бейне жазатын құрылғы Сатып алда қойып ал

Сонда сені себепсіз тоқтатса Сен міндетті түрде бейне жазбаны көбейтіп тиісті орынға барда шағымдан сол гай қызметкердің түбіне жет. сонда Жаман Гай қызметкері біреу болсада азаяды

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Ұқсас сұрақтар

...