+1 дауыс
128k көрілді
Достар маған жаяу жүргіншінің жолда қалай дұрас жүруі туралы жол ережесі керек еді? Қандай жағдайда қалай қадамдарға баруға болады, қандай жағдайда жол ережесін бұзатындығыңыз туралы ақпаратты қайдан тапсақ болады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.

Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің  шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады.

Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады.

Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өтү кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.

Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу ж.ргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсізекендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс.

Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу аоаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек.

0 дауыс
Жолда жүру ережесі
"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" Орта топтағы шара.
Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Тәрбиеші.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.»
Тәрбиеші
- БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.
Зуылбек.
- Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
- Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»
- Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет
/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/
- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
- Зуылбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
- А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не үшін керек?
- Қара, бұл адамдар өтеді.
- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.
- Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
- Ескерту белгісі Нүкеш
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын

Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.

Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
- Бір көзім «кідір» дейді, Мадияр
- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда, Ч. Каусар
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Ақбота
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Айсұлу
Жүре бергін жасқанба.
Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Жібек
Қайғырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін, Дарын
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.
...