+1 дауыс
3.2k көрілді
Адамның шаруашылық әрекетінен аса күшті өзгеріске ұшыраған табиғат зоналарына, ондағы басты өзгерістерге мысал келтір.

Африканың табиғат жағдайы халықтың шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді? Мысал келтір.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап


Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.



1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.

Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.

Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.

Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен.

Кейде өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы қояндардың көбейіп кетуі, кактустың қаптап өсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.

Қоршаған ортаның өнеркәсіп орындарынан, көліктерден, тұрмыстық өажетінен бөлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең өріс алуда.

Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен көптеп ластануы адамзатты көбірек толғандырып отыр. 1986 жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатқа орны толмас орасан зор нұқсан келді.

Арал теңізінің көлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш көлінің көлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда.



Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.

Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура+580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген.

Климатқа байланысты Африка тұрғындары тек бидай, қара бидай, африка тарысы – дурра, сорго, құрма ағашы,кофе, какао, мақта өсіреді.  Көшпелі мал шаруашылығы сақталған, көп бөлігінде қой, ешкі, ірі қара мал, түйе, т.с.с. өсіреді.  Құс шаруашылығы мен балық аулау да кездеседі. Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзен аңғарында егін шаруашылығы басым дамыған.

Шөл дала болғандықтан ыстығына шыдайтын кофе, какао, бидай, малдардан нарлар және ешкілер ғана шөлге шыдамдылық танытады. Қалғандарын далалы жерлерде өсіреді.
0 дауыс
онда шаруашылықтан бірде бір жеп бүлініп жатқан жоқ!!!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 20.04.2015 Жануарлар сұрақ қойды
...