+1 дауыс
Африкадағы "Ебола" індеті қайдан шықты, оны қазіргі уақытта тоқтата алама?
28.09.2014 876 қаралым

4 жауап

–1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Тропиктік Экватор мен Батыс Африка ормандарынан таралған деп жатыр. Негізгі вирус таратушылар жарқанаттар мен маймылдар деп естіп едім
28.09.2014
+1 дауыс
Эбола вирусы Оңтүстік Африкадан шықты. Оны емдеудің қазіргі таңда кейбір жолдары бар. Бірақ емдеу мүмкін болмай тұр. Эболаға қарсы вакцинаны Қытай мен Германияның ғалымдары жасағалы жатыр. 5 жылға дейін жасап бітеміз деген сенімде.
28.09.2014
Сонда 5 жылға дейін, індет өсе береме?
Жоқ. Қазіргі кезде вирусты уақытша тоқтататын дәрілер салынып жатыр.
–3 дауыс
Оны тоқтату қазір мүмкін емес.Тропиктік Экватор мен Батыс Африка ормандарынан таралған
28.09.2014
0 дауыс

image

Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF) - эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады. Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиға ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді.

Эбола белгілері:

Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады. Ебола ауруы алғаш ретСудан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.

image

Жарқанаттар мен маймылдардан шыққан дейді, ал бір жерлерде АҚШ үкіметінің эболаға қарсы дәрілерді сатып, пайда табу үшін істеп отырған сайқал саясаты дейді.

Қысқасы өздері ауру ойлап табады да таратады, әдейі алысқа, өздеріне келе алмайтын жер - Африкаға. Одан соң оны тоқтататын, уақытша дәрілерді сатады да, ақшаның астында отыра береді.

13.01.2015
127,959Сұрақ
322,888Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы