0 дауыс
72.0k көрілді
Табиғат зоналары дегеніміз не? Олар қандай компоненттерден тұрады?

Табиғат зоналары не себепті өсімдік жамылғысы атымен аталады?

Суық белдеуде қандай табиғат зоналары кездеседі?

Тагы сурактарыда бар жауабын билетин болсаныздар жазы кетиниздерш

1 жауап

0 дауыс

1)Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.

Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зонасына дейін табигат зоналары ендік бағытта түтас алап болып созылып жатыр, ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады. Қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатыр, оның батысы мен шығысы жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген. Материктің ішкі бөлігінде тайга бірден ор- манды дала мен далаға ауысады. Тынық мүхитынан келетін ылғалдың материк ортасына қарай азаюына байланысты бүл зоналар шығыста ендік бағытта бүрылысжасайды. Ылғал мүлде жеткілікеіз ішкі аудандарда шөлейт жэне шел зоналары қалыптасады. Табиғат зоналарының орналасуы мен ерекшеліктерін тереңірек түсіну үшін оларды белдеу бойынша қарастырайық (қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасын қараңдар).

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады.

2) Сол санатқа жататын өсімдіктер жамылғысынан тұратындықтан.

3) Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары.

Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалыц шел зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура -40°С-тан томен болады. Қарлы борандар ментүмандар жиі болып түрады. Аралдарды түгелдей дерлік мүз жауып жатыр. Мүздан бос жер- лерде мцк, қына, балдырлар өееді, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ац тцлкі кездеседі, жағалаулары жазда қүс базарына айналады. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда. Субарктикалық белдеуді тундра мен орманды тундра зоналары алып жатыр. Тундра дегеніміз толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бүталы өсімдіктерден түратын, климаты қатал белдеу. Мүнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Сондықтан бүталы өсімдіктер жерге төееліп өееді. Тундрада ең көп тараған өсімдік - бцгы мцгі солтүстік бүғыларының негізгі азығы болып табылады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады.

Бүл зона мүктер мен бүталарға біршама бай болғандықтан солтүстік бүғысымен қатар, жаз айларында мүнда бцлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен сацырау щрды дакездестіруге болады. Исландия да мүз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді. Тундра мен орманды тундра зоналарында көп жылдық тоң таралған, жазда оның беткі қабаты ғана ериді. Аталған зоналардың табиғаты климатының қаталдығына байланысты адамның шаруашылық әрекетіне аз үшыраған. Бүгінгі таңда мүнай, газ кен орындарының қарқынды игерілуі- небайланысты адамның табиғатқа әсері күшейе түсті. Сондықтан өзіндік қай- таланбас табиғат ерекшеліктері бар тун- драны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәсе- лесі болып отыр.

4) Толығырақ:https://tak-to-ent.net/publ/22-1-0-665

...