"Шеше" сөзінің қолданыстан шығып қалуы, сирек қолданылу себебі неде?

+1 дауыс
5.8k қаралым
Әлемдегі ең ұлы сөзді айтуға ұялып жүргенімізге қынжыламын. Ана - әлемдегі  ең керемет жан емес пе еді?

Ал қазір біреуге "Шешең аман ба?" десең қалай қарайтынын елестетіп көріңізші?

Киелі де құдыретті төрт әріпті айтудан неге қалып барамыз?
Қазақ тілі

9 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Шеше сөзін жаман мағынаға өзгерткен Шымкенттіктер, оны мойындау керек. Ал қолданылмауының себебі, басқа аймақтағылар да Шымкенттіктердің айтқанымен қабылдауында, яғни жаман мағынасын бірінші қабылдайды.
+3 дауыс
Біздің жақта күнделікті, амандасқаннан кейін ең бірінші айтылатын сөз...амандасқанда "Қалайсың, Әке-шешең қалай?" деп сұрайды
+2 дауыс
Егер әке-шеше деп қатар жүретін болса айтуға болар едi. Бiрак "шеше" дегеннен горi, "анашым, ана" деген әлдеқайда жақсы естiледi емеспе.
Белгісіз
Енді анашым, ана деп те айтатындар азайып қапты ғой.
+1 дауыс
Былай ғой, Шымкент жақта "Шеше" деген аздап дөрекі естііледі. Себебін білесіңдер. Сондықтан "Ана" дейді. Ал батыс жақта "ана" деген дөрекі естіледі. Себебін білесіңдер) Сондықтан "Шеше" деген оларға жағымдырақ. Әлде қателестім бе?
Шымкент жақты дұрыс айттыңыз
Батыс жақты қателестіңіз -ау дим
типа екі жақты антоним қылғысы келед
+1 дауыс
Қолданыста бар. Бірақ, көбіне мама, апа сөздері қолданылады.
+1 дауыс
Жұртқа көбіне жаман жағынан көрінгендіктен естігенде құлаққа түрпідей тиеді. Бірақ ата-әжелеріміз бұл сөзді жиі қолданбаса да жақсы біледі, түсінеді. Кейде ұрысқанда (мысалы, "анау шешеңді аясайшы" деген секілді сөз тіркестерінде қолданылады)
+1 дауыс
Бұл сөз көбінше жастардың ортасында да, үлкендердің жастарды ұрысу мақсатында да айтылатын мәнісі сөгіс. Бірақ бұндай қадірлі сөздің сөгіс мәнісінде не себептен қолданылатынын білмедім. Бірақ бұл сөз күніне бірнеше рет қолданылады.
Белгісіз
+1 дауыс
Оған Шымкенттіктердің әсері тиген
Белгісіз
0 дауыс
Құдырет деп Адлаға қана айт сөзге емес
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы