+1 дауыс
658 көрілді
Жұмбақ шеше алмаған адамға, дұрыс жауап айтар алдында "тойдың ба?" деп айтуға болама? Сдаёшься деген сөзге аударма бар ма?

2 жауап

+1 дауыс

Жұмбақтың шешуін таба алмаған адам "анау шығар, мынау болар" деп өз болжамын айтып, тағы да біраз ойланғаннан кейін атам қазақ көбінесе "болдың ба?" дейді. Бұл сөздің алдында "іздеп-іздеп" деген сөздің тұрғанын жұмбақты шешуші адам айтқызбай-ақ пайымдайды. Ал "жеңілдің бе?", "берілесің бе?" деген тілдесу орыстың "сдаёшься" сөзінің тікелей аудармасы. Соның әсерінен "жеңілгенің/із/ді мойындайсың/сыз ба?" деген де тіркес қалыптасқан. Қазіргі жастар солай айтады.

0 дауыс
тойдың ба? деп айтып жүрміз ғой, үйреніп қалған сон)
...